Жүсіпбек Аймауытов басшы болған білім ошағы
Тараз қаласындағы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің 105 жылдық тарихы бар. Ғасырдан аса уақыттан бері сан мың педагог мамандарды дайындап келе жатқан оқу ордасының қатпар-қатпар тарихының бір кезеңі Алаштың ардақты азаматы Жүсіпбек Аймауытовқа да қатысты болып шықты.



















































