Білім
Бұрынғы курсанттар әскери оқу орындарына онлайн түрде қайта қабылдана алады
- author «Ақ жол»
- 6 мамыр, 2025
- 1.9k
Әскери оқу орындарының бұрынғы студенттері оқу орнына қайта қабылдау үшін eGov.kz порталында өтінім бере алады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Қызмет тегін көрсетіледі және кемінде бір семестр оқуды аяқтаған студенттерге қолжетімді.
Енді қызметке өтінім онлайн түрде беріледі, ал қажетті құжаттардың басым бөлігі мемлекеттік дерекқорлардан автоматты түрде жүктеледі. Өтініш беру бойынша толық нұсқаулықты карусельден таба аласыз.
Айта кетейік, өтінімді оқу орнынан шығарылған күннен бастап тек бір жыл ішінде ғана беруге болады. Егер бұл мерзім өтіп кетсе, оқу орнына қайта қабылдау мүмкін болмайды.
Өтінішті қарау мерзімі – 20 жұмыс күні. Егер шешім оң болса, нәтиже Жеке кабинетте қолжетімді болады. Қайта қабылдау мүмкін болмаса, студентке негізделген бас тарту жіберіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Мектептерде балалар әдебиетінің онкүндігі өтіп жатыр
- 14 сәуір, 2026
Ұлағатты ұстаздар топтасқан ұжым
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




