
Кәсіби қызметтің нәтижесі – кез келген жұмыстың негізі. Өз өміріңізде неге қол жеткізгіңіз келетіні туралы түсініктің өзі сіздің арманыңызға жетуге мүмкіндік береді. Әрине, мамандық таңдағанда маманға тек қана білімі мен іскерлігі ғана емес, сондай ақ оның қабілеті мен жеке қасиеттерін дамыту жағынан да қандай талаптар қойылатынын білу маңызды. Мұндай ақпаратты қайдан алуға болады?
Өз мамандығы туралы кәсіби маман ғана жақсы айтып бере алады. Мамандық таңдау алдында кез келген жасөспірім белгілі бір мамандықтың иесінен кеңес сұрайды. Олардың өз мамандықтары туралы қызықты әңгімелері жасөспірімді қызмет саласындағы белгілі бір қызығушылықты дамытудың себепкері болуы мүмкін. Олармен қалай кездесу керек?
Ең қарапайым тәсіл – ашық есік күндеріне келіп, оқушылар өздерінің қызықтырған оқу орнының қызметкерлерінен тиісті ақпарат алғаны дұрыс. Осы орайда мамандықтар туралы Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, «Есеп және құқықтану пәндер» ЦӘК-нің оқытушыларының ұйымдастыруымен – №12, 13, 24 және 37 мектеп оқушыларына «Ашық есік күнінде» толық мәлімет берді. Осы іс-шара бағдарлама бойынша өтті, оқушылар колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстыру мақсатымен экскурсия жасады.
«Мамандығым – болашағым!» тақырыбында кәсіби бағдар беру жұмысымен оқытушылар мен шеберлер келушілерді «Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу», «Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау құралдары және өндірістегі автоматика», «Автоматтандыру және басқару», «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану», «Автомобиль жолдары мен жабдықтарын пайдалану», «Жерге орналастыру», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру», «Автоматтандыру және басқару», «Есеп және аудит» және «Құқықтану» мамандықтарымен таныстырды.
Жүсіпбек Аймауытов: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десе, ал Абай атамыз «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» деп бекер айтпаған. Ендеше, егеменді еліміздің болашақ маман иелері болуларыңызға тілектеспіз!
Жанар НЫСАНБАЕВА,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің «Экономика және құқықтық пәндер» ЦӘК-нің оқытушысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді