«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Филолог, ұстаз – ұлт жанашыры

Филолог, ұстаз – ұлт жанашыры
Автор
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Қапаш Тасболатұлының 100 жылдық мерейтойына арналған «Филолог, ұстаз– ұлт жанашыры» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Іс-шара онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылды.

Ғылыми жиынға отандық және шетелдік ғалымдар, оқытушылар мен жас зерттеушілер қатысты. Конференцияда филолог-ұстаздардың қоғамдағы рөлі, ұлттық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ білім беру жүйесіндегі цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің мүмкіндіктері талқыланды.

Жиын барысында ғалымның өмірі мен ғылыми мұрасы таныстырылып, пленарлық және секциялық отырыстарда тіл білімі, әдебиеттану, журналистика, ономастика және білім берудегі цифрлық трансформация бағыттары бойынша баяндамалар жасалды.

Конференция қорытындысында филология ғылымын дамыту, білім сапасын арттыру және ұлттық мәдени мұраны сақтау бойынша ұсыныстар қабылданды.

 

Мақпал СҮЙІНБАЙ

Ұқсас жаңалықтар