
Алқа мәжілісіне облыс әкімдігінің басқарма басшылары, Тараз қаласы және аудан әкімдерінің орынбасарлары, ардагер ұстаздар, білім бөлімдері мен білім мекемелерінің басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ләззат Қызылкулова баяндамасымен бастау алған жиын барысында білім беру саласының дамуы мен алдағы жоспарлар талқыланды.
– Облыста Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің баспалдағы десек, мектепке дейінгі тәрбие басты назарда. Бүгінгі күні облыста 618 мектепке дейінгі ұйымдарда 63 059 бала тәрбиеленуде. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрады. Жекеменшік балабақшалардың саны да артып, 2024 жылы 3459 орындық 33 жаңа жекеменшік ұйым ашылды. Сондай-ақ, ол мектепке дейінгі ұйымдарға ваучерлік қаржыландыру жүйесін енгізу жұмыстарының нәтижелі жүргізіліп жатқанын атап өтті. «2024 жылдың шілде айынан бастап Тараз қаласында мектепке дейінгі ұйымдарға дербестендірілген қаржыландыру жүйесінің пилоттық жобасы енгізілді. Қазіргі таңда аудандарда осы жүйеге көшу жұмыстары жүргізілуде. Білім беру жүйесіндегі реформалар білім сапасын жақсартуға бағытталуы тиіс. Облыстағы 522 орта білім беру ұйымында 247 мыңнан аса оқушы білім алуда. 2024 жылы 13 білім нысанының құрылысы аяқталды, оның ішінде 8 жаңа мектеп бар. Бұл жұмыс 2025 жылы да жалғасып, 21 жаңа білім нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Нәтижесінде, оқушы орны тапшылығы, үш ауысымды және апатты мектептер мәселесі біртіндеп шешімін табатын болады, – деді Ләззат Әбілдақызы.
Сонымен қатар, ол педагогтердің кәсіби біліктілігін арттырудың маңыздылығына тоқталды. «Білім беру сапасын арттыру үшін мұғалімдердің біліктілігін үздіксіз жетілдіру маңызды. 2024 жылы 6418 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 6444 мұғалімге жетеді. Мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру үшін өңірде бірнеше жаңа жобалар жүзеге асырылуда», – деді. Білім беру саласындағы өзекті мәселелерге назар аударып, шешу жолдарын ұсынған басқарма басшысының міндетін атқарушы «Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ана төлемақысын көтеру мәселесі өзекті болып отыр. Бұл мәселе бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау мақсатында арнайы ресурстық орталықтар ашу қажет. Осы бағытта «Дара» және «Болашақ» қорларымен бірлесіп жұмыс істеу жоспарланып отыр», – деп атап өтті.
Сондай-ақ, ұлттық құндылықтарды қалыптастыру бағытындағы «Әжемнің ертегілеріне саяхат, «Smart toys», «ЕCOLAB», «Асыл мұра» жобалары жүзеге асырылып жатқандығы айтылды. Білім саласының мамандары жиылған алқа мәжілісінде Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова мен №7 Бетқайнар колледжінің директоры Гүлнар Әлімбаева өз тәжірибелерімен бөлісті.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Жайлы мектеп ауыл мен қала мектептеріндегі алшақтықты жояды
- 6 наурыз, 2025
«Жайлы мектептің» жеті кереметі
- 24 ақпан, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді