Себебі жұмыссыздық – кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін маңызды фактор. Жұмыссыздықтың себептері, оның ел экономикасына тигізетін әсері және оны азайту жолдары – өзекті тақырыптардың бірі.
Ашық дереккөзге сүйенетін болсақ, Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,8-5,0% шамасында тұрақталып тұр. Дегенмен, бұл көрсеткішке тіркелмеген немесе жасырын жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар кірмейді. Әсіресе жастар, ауыл тұрғындары және кәсіби біліктілігі төмен адамдар арасында жұмыс табу, оның ішінде табандап оқыған мамандықтары бойынша өндіріс орында біліктілігін арттыру тіптен қиын. Яғни. жұмыссыздықтың ел экономикасына теріс әсері көп.
Біріншіден, жұмыссыздар санының өсуі әлеуметтік шиеленіс пен кедейлік деңгейінің артуына алып келеді. Бұл өз кезегінде қоғамдық тұрақсыздыққа әсер етеді.
Екіншіден, жұмыссыздық жас жұмысшылар мен мамандардың кәсіби және әлеуметтік дағдыларын дамытпауына себеп болады. Бұл еліміздің кадрлық әлеуетін төмендетіп, бәсекеге қабілеттілікті азайтады.
Қорыта келгенде, еліміздегі жұмыссыздық мәселесі көп аспектілі және оны шешу үшін кешенді шаралар қажет. Мемлекет тарапынан қабылданған саясаттар мен бағдарламалар жұмыссыздықты төмендетуге бағытталғанымен, оларды іске асыру және нәтижесін бақылау маңызды. Бұл өз кезегінде еліміздің экономикалық дамуында тұрақтылықты қамтамасыз етіп, әлеуметтік жағдайды жақсартуға ықпал етеді.
Мерей САРМАНОВА,
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің 4-курс студенті
Ұқсас жаңалықтар
Мектептерде балалар әдебиетінің онкүндігі өтіп жатыр
- 14 сәуір, 2026
Ұлағатты ұстаздар топтасқан ұжым
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




