
Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары – Аймер Кошмамбетов, Ерасыл Жұмақадыр, Алияр Сағындықов пен Құдірет Ахмет дайындаған жобасы әлем бойынша оқушылар арасында үздік 20 әлеуметтік кәсіпкерлік бастаманың қатарына енген алғашқы қазақстандық жоба болды.
Айта кетейік, Diamond Challenge – әлемдегі ең ірі мектеп кәсіпкерлігі байқауларының бірі. Оны АҚШ-тағы Делавэр университеті (University of Delaware) ұйымдастырады және жыл сайын аталмыш байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды жас инноваторлар жиналады.
Биыл Уилмингтон қаласында өткен халықаралық байқаудың финалдық кезеңіне 19 елден командалар қатысты. Олардың қатарында Жапония, Тайланд, Оңтүстік Корея мен Түркия секілді технократия бойынша жетекші елдер де бар.
Жасөспірімдер финалға өздерінің «ASAR» инновациялық құрылғысы арқылы жолдама алды. Ол мүмкіндігі шектеулі адамдарға цифрлық технологияларды пайдалануға көмектеседі. Жарыс қорытындысымен команданың мүшесі Ерасыл Жұмақадыр Limitless World Summit версиясы бойынша ең үздік 25 жас көшбасшының қатарына енді.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Грант иегерлерінің тізімі жарияланды
- 7 тамыз, 2025
Біздің өңірде де бекіре өсіруге болады
- 31 шілде, 2025
Ақпарат
Бас жүлдені 8 команда сарапқа салды
- 7 тамыз, 2025
Байзаққа бардық, не көрдік?
- 7 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді