
Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл байқаудың басты мақсаты – педагогтің жаңашыл идеясын қолдау, функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған авторлық педагогикалық идеяларды анықтау және тарату.
Конкурс мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін өткізіледі. Оның бағыттары оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, цифрлық сауаттылық, қаржылық сауаттылық, экологиялық сауаттылық және мәдениетаралық сауаттылық болып табылады.
Аймақтық кезең – идеяны танытудың алғашқы баспалдағы 1 маусымнан басталған аймақтық кезеңде педагогтер авторлық идеясын сабақ немесе тәрбиелік іс-шара жоспары түрінде ұсынып, оны «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының онлайн платформасына жүктейді. Бұл кезеңде материалдар арнайы сараптамалық кеңес тарапынан бағаланады. Жеңімпаздар дипломдармен, қатысушылар сертификаттармен марапатталады және республикалық кезеңге жолдама алады.
Педагогтер үшін кәсіби идеяны республика көлемінде таныту, жаңашыл тәжірибені тарату мүмкіндігі, халықаралық деңгейдегі фестивальге жолдама алу (ТМД елдерінің мұғалімдерімен бірге), педагогтің кәсіби портфолиосын толықтыру, марапаттау және танылу сияқты артықшылықтары бар. «Педагогикалық идеялар панорамасы» – ұстаздың кәсіби шыңдалуына жол ашатын, тәжірибесін республика деңгейінде насихаттауға мүмкіндік беретін ерекше алаң. Әр педагогтің идеясы құнды. Сондықтан да жаңашыл, ізденімпаз ұстаздарды белсенді қатысуға шақырамыз.
Андия БЕЙСЕНҚҰЛОВА,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы облыс бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық оқушылар ақылды үй жобасын әзірледі
- 3 шілде, 2025
Білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді
- 3 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді