7 млн-ға жуық қазақстандық балаға 129,38 доллардан аударылды – Ведомство
- author «Ақ жол»
- 2 маусым, 2025
- 198

Бағдарламаға екі жылдан бері қатысып келе жатқан балаларда инвестициялық кірісті қоса есептегенде, жинақтардың жалпы сомасы – $232,94. Ұлттық қордан берілген жалпы сома $1,5 млрд-ты құрады.
Қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін жинақталады, содан кейін оларды тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе оқу ақысын төлеуге пайдалануға болады. Осы мақсаттарға 118 мыңнан астам өтінім берілді, оның 97 мыңы орындалды. Жалпы сомасы $11 млн 399,1 мың. Атап айтқанда, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 63 871 өтінім берілді, оның ішінде 56 591 өтінім орындалды және $6, 647,9 млн төленді. Оқу ақысын төлеуге 54 270 өтінім берілді, оның ішінде 40 466 өтінім орындалды және $4,751,2 млн төленді.
Бүгінгі таңда «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы әрбір баланың болашағы үшін қаржылық база құруға бағытталған ұзақмерзімді мемлекеттік қолдау нысаны болып саналады.
Айта кетейік, бағдарлама ресми түрде 2024 жылдың 1 қаңтарында басталды. Оның шеңберінде 2006 жылдан бастап туылған әрбір балаға Ұлттық қордан жыл сайын қаражат аудару көзделген. Қаржы министрлігінің мәліметінше, өткен жылы бағдарламаға 6 919 131 адам – 2006 жылдан 2023 жылға дейін қоса алғанда туылған балалар қатысты. Олардың әрқайсысына $100,52 есептелді. Есептеудің жалпы сомасы $695,5 млн-ды құрады. Ұлттық қордан ақша есептелген балалардың жалпы санынан 2024 жылы 304 815 адам 18 жасқа жетті, оларға жалпы сомасы $30,6 млн аударылды. 2025 жылы қатысушылар саны 6 921 035 балаға дейін өсті, оның 324 430-ы биыл 18 жасқа толады.
Ұқсас жаңалықтар
Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге тіркеу басталады
- 2 маусым, 2025
«Ақорда» резиденциясында балаларға экскурсия ұйымдастырылды
- 1 маусым, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді