Мәйіттік донор мәселесі: шындығы қайсы, сұмдығы қайсы?
Адам өмірі – Жаратқанның ең үлкен сыйы дейтін болсақ, ал сол өмір қыл үстінде тұрған сәтте медицина мен адамгершілік, заң мен сенім, ғылым мен дәстүр бір нүктеде түйіседі. Орган трансплантациясы – бір адамның үміті, екінші адамның жүрегінде соғатын, бір отбасының қайғысы, екінші жанұяның қуанышына а...



















































