Басқосуда аймақ басшысы Конституциялық комиссия құрылып, оның құрамына белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, руханият, зиялы қауым, саяси партиялар мен саяси ұйым мүшелерінен құралған 130 адам кіргенін, осы уақытқа дейін комиссияның бірнеше отырысы өткенін тілге тиек етті. Облыс әкімі айтып өткендей, бастапқыда жаңа түзетулер Ата Заңның 40 бабына енгізілу қажет болғанымен, алайда бұл 77 бапты қамтып, 84 пайызды құраған. Жалпы өзгерістер ауқымы кең болғандықтан, құжат жаңа Конституция ретінде әзірленіп, қоғам талқысына ұсынылып отыр. Жаңа редакциядағы Конституция 11 бөлім мен 95 баптан тұрады.
– Комиссияның барлық отырыстары толықтай ашық түрде өткізіліп, тікелей эфирде көрсетілді. Оның жұмысы БАҚ-та кеңінен және егжейт егжейлі баяндалды. Өз пікірлерін, ескертпелерін және ұсыныстарын белгілі заңгерлер, құқық қорғаушылар, қоғамдық белсенділер, депутаттар, саяси зерттеушілер және басқа да сарапшылар білдірді. Жұмыс барысында комиссия мүшелері республиканың Ата Заңының барлық негізгі түзетулерін жанжақты қарап шықты. Жалпы жаңа Конституциялық жобада Егемендік пен Тәуелсіздік, біртұтастық, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар санатына жатқызылды. Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілген. Сонымен қатар мемлекеттік биліктің бірденбір бастауы және егемендіктің иесі Қазақстан халқы болып табылатыны нақты көрсетіліп отыр. Ата Заңымыздың жаңа мәтінінің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталды. Бұл мемлекеттің болашағы минералды ресурстар мен табиғи байлықтармен емес, адами капитал мен және азаматтардың жетістіктерімен анықталатынын көрсететін түбегейлі маңызды бетбұрыс. Тағы бір маңызды мағыналық бағыт – цифрландыру. Осыған байланысты Конституцияның жаңа мәтінінде алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норма енгізілді. Конституцияның жаңамәтінінің басты ерекшелігі – адам құқықтарына бағдарлануы. Осылайша, адам құқықтары мен бо стандықтары жаңа Преамбулада ғана бекітіліп қоймай, бүкіл Конституцияның ерекше басымдығы әрі мағыналық өзегі ретінде айқындалған, – деді Ербол Шырақпайұлы.
Жиында ақын Шырын Мамасерікова жаңа Конституция жобасы өзінің көңілінен шыққанын, бұл қоғамның сұранысы мен заман талабынан туындағанын айта келе, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдайтынын білдірді.
– Мен үшінші бапқа арнайы тоқталғым келеді. Бұл бапта білім саласына айрықша назар аударылып отырғаны анық көрінеді. Яғни, білім мен ғылым бағыты нақты әрі жүйелі түрде айқындалған. Сонымен қатар отыз үшінші бапта білім берудің зайырлылығы, діни радикализмнің алдын алу және білім саласын біріздендіру мәселелері қамтылған. Қазіргі таңда жыл сайын білім беру форматы өзгеріп отыратынын ескерсек, бұл мәселенің заңнамалық деңгейде қолға алынуы өте маңызды. Бұдан бөлек, «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп» қағидаттарының Преамбулаға енгізілуі олардың ерекше мәртебеге ие болғанын көрсетеді. Жалпы алғанда, жаңа Ата Заң жобасы еліміздің болашағын айқындайтын маңызды құжат деп санаймын. Еліміздің керегесі кең, шаңырағы биік болсын, – деді еңбек ардагері Жұмахан Жантелиев.
Өз сөзінде облыс әкімі әлеуметтік желілерде жалған ақпараттар желдей есіп жатқанын, оған жаңа Конституциялық жобаны оқымаған адам сеніп қалатынын сөз етіп, бұл ретте халыққа шынайы, ақпаратты жеткізудің маңызы айрықша екенін атап өтті. Жиынды қорытындылаған Ербол Шырақпайұлы жаңа Конституциялық жоба бойынша Ата Заңға өзгеріс тек қана референдум арқылы енгізілетінін айтып, халық бұл бастамаға жоғары жауапкершілікпен қарап, жұртшылықты алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




