Саясаттың негізгі месседждері медиакеңістікте талқыланды
- author «Ақ жол»
- 29 қаңтар, 2026
- 465
Айта кету керек іс-шара мемлекеттік ақпараттық саясаттың басым бағыттарын түсіндіру, этносаралық қатынастар саласындағы ықтимал қауіптердің алдын алу және медиакеңістіктегі өзекті мәселелерді талқылауға арналды. Семинарды облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мамашев жүргізіп, қатысқан баспасөз қызметтері өкілдеріне этносаралық қатынастарды нығайтуда ақпараттық саясаттың шешуші рөл атқаратынын айрықша атап өтті. Оның айтуынша, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтауда дұрыс әрі жауапты ақпарат тарату алғы шепте тұруы тиіс.
Жиын барысында облыстық полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы үгіт-насихат тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Тимур Серік этносаралық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар, олардың алдын алу тетіктері және ақпараттық арандатулардың салдары жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Парида Мамедова бұқаралық ақпарат құралдарында этносаяси тақырыптарды жариялау кезінде жанжал қаупін болдырмау, журналистердің кәсіби жауапкершілігі мен даярлығының маңыздылығына кеңінен тоқталды. Ал облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің директоры Алмат Сәдуақас жасанды интеллект, ақпараттық алгоритмдер және этносаяси контентті таратудағы жаңа қауіптер мен мүмкіндіктерді атап өтіп, цифрлық кеңістікте сауатты жұмыс істеудің өзектілігін жеткізді.
Медиакеңістіктегі этносаяси бағытты дамытуға арналған басқосуға «Қоғамдық келісім» КММ-нің «Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімінің қызметкерлері де қатысып, саладағы тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында қатысушылар спикерлерге сұрақтарын қойып, мемлекеттік саясаттың негізгі месседждерін қоғамға сауатты, жүйелі әрі жауапкершілікпен жеткізу жолдары бойынша пікір алмасты.
Макпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Балаларға күлкі мен ой сыйлаған қаламгер
- 19 ақпан, 2026
Кедергісіз орта қалыптастыра аламыз ба?
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




