– Елімізде жаңа Конституция жобасы жаппай талқыланып жатыр. Бұл жаңа лықт ан өздеріңіз толық хабардар болып отырсыздар. Сіздер өңірдің өндіріс саласын өрге сүйреп жүрген озат мамандар қатарындасыздар. Өндірістің дамуы сіздердің қажырлы еңбектеріңізге тікелей байланысты. Сіздер ел байлығын еселеуге, жаңа технологияларды игеруге, өндіріс қарқынын арттыруға үлкен үлес қосып келесіздер. Елдің тұтастығы м е н тыныштығы, дамуы жолында жаңа Конституцияның әсері мол. Сондықтан сіздердің орталарыңызға жаңа Конституция жобасын талқылауға келіп отырмын. Өзімнің жеке пікірімді білдірсем, бұл жоба елдің дамуына, жасөспірімдердің болашағына оң ықпал ететін, кемелді құжат. Әр азаматқа елдің бірлігі мен тұтастығы маңызды деп ойлаймын, – деген облыс әкімі зауыт жұмысшыларын ашық пікір білдіріп, ой қозғауға шақырды.
Жиын барысында аталған ЖШС бас директорының орынбасары Әбдіғали Айтжанов пен энергия ресурстарын жабдықтау цехы бастығының орынбасары Бексұлтан Болғанбек өз ойларын ортаға салып, Конституцияның жаңа жобасына қолдау білдірді. Облыс әкімі жиынды қорытындылап, еңбеккерлерді ел мүддесі жолындағы саяси шешімдерді қолдауға шақырды. Аймақ басшысы ауданға арнайы жұмыс сапарында спортшылармен де бірге талқылады.
– Сіздер жақсы білетіндей, қазіргі таңда еліміз бойынша жаңа Конституцияның жобасы талқыланып жатыр. Талқылауға қоғам қайраткерлері мен белгілі тұлғалармен қатар еңбек адамдары, жеке азаматтар да үн қосуда. Өзгерген Конституция еліміздің еркін дамуы мен тыныштығын, бірлігін, тұтастығын назарға алып отыр. Ел аумағының тұтастығы, Тәуелсіздігіміздің беріктігі туралы баптар жазылып, құндылықтарымыз нақты көрсетілген. Әр Президенттің бір мерзімге ғана сайлана алуы, вице-Президент институтының құрылатыны да – ел дамуына қолайлы шешімдер. Осы жаңа Конституция басқа да заңдардың негізі болып табылады. Спорт – денсаулық кепілі. Біздің өңірде спортшыларымыз қол жеткізген жетістіктер аз емес. Оның ішінде таластық спортшылардың үлесі зор. Сондықтан сіздермен еркін әңгімелесуге келдім. Жаңа Конституцияның жобасына қатысты өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар болады, – деді облыс әкімі.
Мұнан соң Талас аудандық мәслихатының төрағасы Кәдірбек Садубаев сөз алды.
«Конституция жобасын бұқаралық ақпарат құралдарынан толық оқып, танысып шықтым. Ел дамуына оң ықпал ететін, ел мүддесі, мемлекетіміздің тұтастығы кеңінен ойластырылған жоба деп есептеймін. Жаңа Конституция жобасына қатысты референдум өтуін қолдап, оған белсене қатысу баршамыздың парызымыз деп есептеймін», – деді ол.
Жиында сөйлеген Талас аудандық №31 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің директоры Қанат Шыныбеков те жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді. Басқосуды облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қорытындылап, т аластық спортшыларды референдумға белсенді қатысуға шақырды. Ауданға жұмыс сапары барысында Ербол Қарашөкеев «Artaza» сублимацияланған сүт өнімдерін өндіретін цехтың және «Қаратау» теміржол станциясының құрылыс барысын тексеріп, күрделі жөндеуден өткен №4 «Үміт» арнайы мектеп-интернатының жұмысымен танысты.
Есет ДОСАЛЫ
Талас ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Әрдайым дайын болуымыз керек
- 9 ақпан, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




