«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бір мезгілде 250 мыңға дейін салық төлеушіге қызмет көрсете алады

Бір мезгілде 250 мыңға дейін салық төлеушіге қызмет көрсете алады
Автор
Премьер-министр Олжас Бектенов «Атамекен» ҰКП алаңында мұнай-газ және энергетика саласы, тау-кен және металлургия өнеркәсібі, АӨК бизнес өкілдері, салалық қауымдастықтар мүшелері мен барлық өңір сарапшыларының қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Салық реформалары, бизнесті қолдау, ақпараттық жүйелерді цифрландыру сынды басқа да өзекті мәселелерге назар аударылды.

Қатысушылар салық төлеушілер үшін өтпелі кезең мен салықтық әкімшілендіру мәселелерін талқылады. Қазақстанда кәсіпкерлердің салықтық әкімшілендірудің жаңа шартт арына қолайлы көшуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Осылайша, Үкіметтің шешімімен шағын және микробизнес жекелеген жағдайды қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тексерулерден, камералдық бақылаудан және әкімшілік жауапкершіліктен босатылды.

Биылғы 1 сәуірге дейін берешекті төлеу кезінде өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару ережесі қолданылады, қызметті жою және тоқтату рәсімдері қайта қаралды. 2026 жылдың соңына дейін шағын және микробизнес үшін өтпелі кезең енгізілді, қателер үшін өсімпұлдар мен айыппұлдар алынбайды. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бір мезгілде 250 мыңға дейін салық төлеушіге қызмет көрсету мүмкіндігі бар Жобалық кеңсенің жұмысы туралы баяндады.

Жұмыс өтініштерді жедел қараумен «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша құрылған. Соңғы үш аптада сұраныстар ағынының 19,5 мыңнан 7,1 мыңға дейін төмендеуі байқалады, бұл техникалық проце стердің тұрақтанғанын көрсетеді. «Халық бухгалтері» акциясына 17 мыңнан астам салық төлеуші қатысты. Сондайақ салық жүйесінде азаматтар мен бизнесті тіркеудің өсуі байқалғаны атап өтілді. Жылдың басынан бері 41,2 мыңнан астам адам қайтадан есепке алынды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа режим бұрын есепке алынбаған 187,2 мыңнан астам адамды заңды ортаға шығарды. Бизнесті қаржылық қолдау шаралары күшейтілуде.

2025 жылы қолданыст ағы бағдарлама лар шеңберінде жалпы құны 365 миллиард теңге болатын 3,4 мыңға жуық ШОБ жобасы субсидияланды. «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Қанат Шарлапаев мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Мемлекет басшысы қойған міндеттер шеңберінде «Атамекен» ҰКП орта және ірі бизнес арасынан ішкі инвесторларды дамытуға назар аударады, кеңейтуге және жаңғыртуға дайын жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың инвестициялық жобаларының пулын қалыптастырумен айналысады. «Ат амекен» ҰКП басқарма мүшесі – басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов арнайы салық режимін қолдануға және денсаулық сақтау секторына салық салу тәсілдерін қайта қарауға байланысты мәселелерді шешу жолдарын ұсына отырып, жаңа Салық кодексінің ережелері бойынша бизнесқоғамдастықтың ұстанымын айтты. Сондай-ақ қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін іске қосу барысы қаралды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев бүгінгі таңда жүйеге 5608 компания авторизацияланғанын, 13533 өтінім берілгенін баяндады. Басқарма мүшесі – «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Шоқанов өз кезегінде жаңа цифрлық жүйеге үздіксіз көшу үшін қолданыстағы индустриялық сертификаттардың 1924 иесі автоматты түрде тізілімге көшірілгенін атап өтті. Оған күн сайын 100-ге тарта өндіруші кіреді. Бизне с-қоғамдастық атынан «Алматы бояулары» ЖШС директоры Римма Салықова, «Қазэлектромаш» ЖШС директоры Виталий Распопин ұсыныстар мен сұрақтар қойды.

Атап айтқанда, ШОБ-пен өзара іс-қимылды, мемлекеттік сатып алу практикасын және салалық талаптарды ескере отырып, салықтық әкімшілендірудің жекелеген аспектілерін реттеу қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ кәсіпорындарды өндірістік цикл деңгейі мен ауқымы бойынша санаттарға бөлуді енгізу, мемлекеттік қолдау шаралары мен мемлекеттік тапсырысты локализациялау және инвестициялау деңгейіне байланыстыру, сондай-ақ Тізілімнен өнімдерді пайдалануды нақты әрі әділ цифрлық бақылауды қамтамасыз ету арқылы Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жетілдіруге қатысты одан әрі жұмыс бойынша ұсыныс айтылды.

Премьер-министр бизне стің айтылған бастамаларына пікір білдіріп, мемлекеттік органдарға «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп ұсыныстарды жан-жақты пысықтауды және нақты нәтижені қамтамасыз етуді тапсырды. Шешімдер тұрақты өсуді қолдау, нақты секторды нығайту, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту және жұмыс орындарын ашу бойынша оң экономикалық нәтиже беруі керектігі атап өтілді.

 

primeminister.kz

Ұқсас жаңалықтар