Қай ана баласы жылап келіп тұрса сабыр сақтайды. Сонымен мен ит аулағыш бригадаға хабарластым. Иттерді атуға арыз жаздым. Аулаған да болар. Бірақ осы жағдай мақаланы жазуға себеп болды. Енді «Осы иесіз иттер қайдан пайда болды? Неге қаптап кетті?» деген сұраққа жауап іздейік. Қаңғыбас ит көше кезіп тіршілігін жасайды емес пе? Тамақ ұрлап жейді. Малдың, аңның өлексесін жейді және олар көбейеді.
– Әр шағынауданнан, тіпті ауылдардан арыз түседі. Біз итті аулауға барамыз. Рас, иттердің көбейіп кеткені ойландырады. Түр-түрімен қаңғып жүр. Алабай, небір асыл тұқымды иттер де жүр. Бұрын осындайларды мал бағуға, әйтеуір қажетіне жарататын. Бұлардың емін-еркін тайраңдап жүруіне бірнеше себептер бар. Біріншіден, қаңғыбас иттер мен мысықтарды атқызбай, оларды сақтап қалу үшін атсалысып жүрген қоғам белсенділері бар. Көктем мезгілі де келді, күн жылыса иттер күшіктейді. Онсыз да қараусыз иттің саны одан сайын өсетін болды. Иә, мәселе қиын. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы бойынша біздің мекеме тарапынан иесіз ит-мысықты аулап, жою үшін қажетті барлық қаружарақ тәркіленді. Ал жаңа заңда қараусыз қалған ит-мысықты иесі табылғанша, 2 айға дейін ұстау көзделген. Бірақ бізде жануарларды уақытша ұстау пункті біреу ғана. Осы үлкен мәселеге айналып отыр. Тұрғындар тарапынан наразылық көбеюде. Әрине, тұрғындардың қауіпсіздігі бірінші орында. Қазіргі күні мектеп, балабақша айналасы, адам көп шоғырланатын қоғамдық орындар басты назарға алынып, қызметкерлеріміз күніне бір рет бақылап шығады. Қару пайдалануға тыйым салынғандықтан, иттерді бұғаттауда дротик яғни, уақытша жансыздандыратын дәріні де қолдандық. Бірақ кейбір тұрғындар тарапынан бұған қарсылық болды. Десе де жақын уақытта бұл мәселе толықтай шешілуі тиіс. Иесіз иттер адамға шабуыл жасап, өміріне қауіп төндірген жағдайда арызшағымдарын өңірлік ветеринарлық станцияға хабарласып айта алады. Жыл басынан бері «Jambyl 109»-дан түскен өтініштер саны – 5089, қазіргі уақытта орындалған өтініштер саны – 4926. Тараз қаласында иесіз иттерді уақытша ұстау орны біреу ғана. Осы уақытша ұстау орнына жыл басынан 272 бас ит апарылды. Жалпы, ағымдағы жыл басынан бері 9881 жабайы ит-мысық ауланды. Өз өлімдерімен (ауру, кәрі, көлік қағу) өлген өлекселер саны – 2405 бас. Агрессивті мінез құлық танытып эвтаназия жасалғаны 7204 бас, – дейді ветеринар Бекнар Ахатаев.
Тараз қаласы бүгінде екі ауданға бөлінгендіктен, әр ауданның тиісті ветеринария бөлімі бар.
«Иттерді ату емес, аулау деп сөйлеген дұрыс. Біз аулаймыз, атпаймыз», – дейді Әулиеата ауданы ветеринария бөлімінің басшысы Төрехан Қойлыбаев.
– Мылтықпен атуға тыйым салынғалы қашан. Біз дротик қолданамыз. Адамдар 109 нөміріне хабарласады. Содан кейін біздер иттерді аулаймыз. Бүгінде 4 бригада, 3 көлік жұмыс істеп жатыр. Дротик қолданғаннан соң ит терең ұйқыға кетеді. Сосын итті утилизация жасаймыз. Бұрындары ауылдарда, қала көшелерінде ит тіптен көп еді. Қазір ит азайды. Көптеген иттердің егесі бар. Бірақ құжаты жоқ. Бір адамды қауып алса иттің егесі табылмай қалады, ал шағым түсіп итті ауласақ артынан келіп дау шығаратындар бар. Дау демекші, жан-жануарларды қорғау заңына байланысты ит пен мысықтарды аулауға қарсы адамдар көп. Біздің ветеринарияға шағым айтып, әлеуметтік желіде сынап жазады. Қаңғыған ит қауіпті. Одан ауру жұғады. Оны ойлап тұрған ешкім жоқ. Осыған күйесің. Қаңғыбас итті қорғайтын заң бар, ал адамды ше? Бұралқы итті аяймыз, ал адамдардың қауіпсіздігіне кім кепіл болады?» деген сұрақтың туындайтыны сөзсіз. Десе де, егесіз иттің көбеюіне кейде тұрғындардың өздері де себепші. Үй жануарына жауапсыз қарап, қараусыз жіберетіндер көп. Ал оқыс оқиға орын алса, кінәліні іздейтініміз тағы бар. Сондықтан аудан тұрғындары асыраған итіне аса жауапкершілікпен қарап, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бұзбағаны абзал. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» демекші, егер иттің мойнында қарғыбауы болып, адамдарға зиянын тигізіп жатса, сол иттің егесі заң тарапынан кінәлі болып есептеледі, – дейді Төрехан Қойлыбаев.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Саясаттың негізгі месседждері медиакеңістікте талқыланды
- 29 қаңтар, 2026
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 29 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




