Осыған орай облыс әкімі Ербол Қарашөкеев аймақтағы зиялы қауым өкілдерімен және қоғам белсенділерімен кездесті. Аймақ басшысы елімізде болып жатқан өзгерістер тұрғындарды бейжай қалдырмайтынын, әр азамат үшін аса маңызды саяси құжат барша адамдардың тыныштығы, денсаулығы мен келешегі үшін қолайлы болуы тиіс екенін атап өтті.
– Мемлекет басшысы 2025 жылы 8 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Парламенттік реформаларға қатысты өзінің ұстанымын білдірген болатын. Содан бері елдің дамуы жолында саяси өзгерістерге қадам жасалып жатыр. Ата Заңымыздың жаңа мәтінінің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықт алды. Бұл мемлекеттің болашағы минералды ресурстар мен табиғи байлықтармен емес, адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен анықталатынын көрсететін түбегейлі маңызды бетбұрыс. Тағы бір маңызды мағыналық бағыт – цифрландыру. Осыған байланысты Конституцияның жаңа мәтінін де алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норма бекітілді. Конституцияның жаңа мәтінінің басты ерекшелігі – адам құқықтарына бағдарлануы. Дін мен мемлекеттің аражігі нақты ажыратылып бекітіледі. Білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты айқындалады. Конституцияның жаңа мәтінінде 40 бапты өзгерту көзделсе, арнайы комиссияның саралауымен 77 бабына өзгерістер енгізілді. Осылайша, Конституция жобасы 84 пайызға жаңарды. Қазір жаңа жоба еліміздің барлық аймағында талқыға түсіп жатыр. Алдағы уақытта өтетін референдумға да халықтың белсене қатысуы маңызды. Халықтың пікірі қашанда өзекті. Бүгін халықтың ортасында жүрген өздеріңізді шақырып ұсыныстарыңызды тыңдауға жиналып отырмыз. Еліміздің аса маңызды құжаты Конституция жобасы талқыланып жатқанда ойларыңызды ортаға салыңыздар, – деді Ербол Шырақпайұлы.
Жиында жазушы-драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Елен Әлімжан, ақындар Жеткерген Әбдірейұлы, Баймаханбет Ахмет өз ойларын ортаға салып, Мемлекет басшысының ұстанып отырған саясатын толық қолдайтынын жеткізді. Ал жазушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Көсемәлі Сәттібайұлы Конституция жобасын ыждағатпен оқып шыққанын, елдің жүрегін елжіретер ұтымды өзгерістер көп екенін айтса, ақын Үміт Битенова мемлекеттік тіл, елдің бірлігі мен тұтастығы, ұлтаралық қатынастар жөнінде өзінің бірқатар ұсыныстарын алға тартты.
Басқосуды облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қорытындылап, барша зиялы қауым өкілдеріне белсенділік көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Аяз жоқ деп арқаны кеңге салуға болмайды
- 5 ақпан, 2026
Уақыт талабынан туындаған өзекті шешім
- 3 ақпан, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




