«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Барлық тапсырма тұрақты бақылауда болады

Барлық тапсырма тұрақты бақылауда болады
Автор
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірер күн бұрын ғана өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында бірқатар негізгі міндеттерді айқындап беріп, жауаптыларға экономикалық және қаржылық саясатты жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстарды жүйелі жүргізуді тапсырған еді. Президент өз сөзінде биыл күшіне енген жаңа Салық кодексі экономикадағы ашықтық пен тәртіпті күшейтуге ынталандыратынын баса айтып, инвестиция саясатын жандандыру мен бизнестің мүддесін тұрақты қорғау жөнінде атап өтті. Сондай-ақ ол бизнес саласына цифрлық тәсілдерді белсенді түрде енгізуге мүмкіндік беретін арнайы қолдау шараларын әзірлеу қажеттігіне тоқталып, инвестициялық жобалардың тиімді іске асуын қамтамасыз етудің маңыздылығын жеткізді.

Күні кеше облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен алқа отырысында Президент тапсырма ларын жүзеге асыру мәселесі жан-жақты талқыланды. Жиында ең әуелі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева баяндама жасап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін мәлімдеді. Мұнан соң кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев сөз алды.

Оның айтуына қарағанда, облыста инфляцияны тұрақтандыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылауда ұстау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша облыстағы инфляция деңгейі 1,0 пайызды құраған.

– Бағаны тұрақтандыру мақсатында бірқатар нақты шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, тұрақтандыру қорын тиімді пайдаланып, 2026 жылы Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері, сондай-ақ «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы жа лпы көлемі 155 сауда нысанына өнім жеткізу арқылы 70 пайызға дейін тиімді өткеру жоспарлануда. Жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдерін тікелей өткізу мақсатында жыл соңына дейін 308 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу көзделген, – деген Аспандияр Мұратәліұлы 2025 жылы инве стиция тарту бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап өтті.

 Айта кетейік, есепті кезеңде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 764,5 миллиард теңгені құраса, жеке инвестиция көлемі – 636,8 миллиард теңгеге жеткен. Бұдан бөлек былтырғы жылдың ІІІ тоқсанының қорытындысымен тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 119,6 АҚШ долларға жетіп, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,3 есеге артыпты. Сондайақ 2029 жылға дейін жалпы құны–5,6 триллион теңгені құрайтын 116 инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылған.

Жалпы, 2028 жылға дейін құны 3,6 триллион теңгені құрайтын 62 жоба бар. Бұдан кейін цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақберен Сейдімханов сөз алып, өңірлік геоақпараттық жүйеде 14 мемлекеттік қызмет автоматт андырылғанын айтты.

Бүгінгі таңда 17 коммуналдық қызмет түрі цифрлық форматқа көшірілсе, денсаулық сақтау саласында жасанды интеллект көмегімен 11 мыңнан астам пациент онкологиялық ауруларға скринингтен өткен. Ал қауіпсіздік саласында Тараз қаласында бет-әлпетті тану жүйесі бар 400 интеллектуалды камера орнатылып, іздеудегі 1652 тұлға анықталған. Атап өту керек, облыста жасанды интеллект технологиялары екі негізгі бағытта белсенді енгізілуде.

– Бүгінгі таңда e-jambyl жүйесі бірқатар негізгі модульдерден тұрады. Атап айтқанда, мемлекеттік және тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық қызметтері, тұрғындар мен қызметкерлерге арналған картографиялық деректер, Жамбыл облысының аналитикалық сервисі, мемлекеттік деректер қорларымен интеграциялық сервистер, сондайақ 22 автоматтандырылған жұмыс орны іске қо сылған. Сонымен қатар «Әулиеата жастары», «Smart mine» және сайлау учаскесін жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы анықтау онлайн-сервистері сияқты қосымша жобалар жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта геопорталда 2 мемлекеттік қызмет толық автоматтандырылып, өтінімдер қабылдануда. 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша барлығы 2848 өтінім қабылданып, оның 2142-сі мақұлданды, – деді А.Сейдімханов.

Жиында еліміздің көліклогистикалық әлеуетін арттыру мақсатында өңірімізде автомобиль жолдары саласында атқарылып жатқан жұмыстар да баяндалды. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов мәлімдеді. Спикердің айтуынша, 2025 жылы жол саласына бөлінген 30,3 миллиард теңге есебінен 474,2 шақырым жол құрылыс, қайта жаңғырту және орта жөндеулермен қамтылыпты. Нәтижесінде, өткен жылдың қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесі – 99,5, ал елді мекен көшелері бойынша 89 пайызға жеткен.

Жалпы, 2025 жылы облыста 44,3 миллион тонна жүк тасымалданған екен. Басқосу соңында аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев Президент көлік-логистика саласындағы инфрақұрылымды дамыту– стратегиялық міндет екенін айрықша атап өткенін еске салып, бұл бағытта жұмыстарды жүйелі түрде күшейтуді тапсырды. Облыс әкімінің айтуынша, осы ретте өңірдің транзиттік әлеуетіне толық талдау жүргізу, автомобиль және теміржол инфрақұрылымының жағдайын зерделеу, шекаралық және кедендік рәсімдерді жеделдету бойынша ұсыныстар әзірлеу мен жеке инвесторларды тарту тетігін пысықтаудың маңызы зор.

– Президенттің сенімін ақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан әрбір тапсырма уақтылы, сапалы және жауапкершілікпен орындалуы тиіс. Біз тек жоспар жасап қана қоймай, нақты өзгеріс көрсетуіміз керек. Әрбір шешім халықтың өмір сапасын жақсартуға қызмет етуге тиіс. Бүгін берілген тапсырмалардың барлығы тұрақты бақылауда болады. Әрбір бағыт бойынша нақты нәтижелер талап етіледі. Баршаңыз ел игілігі жолындағы жұмысты жоғары жауапкершілікпен және өзара үйлесімділікпен атқарады деген сенім мол, – деді Ербол Шырақпайұлы.

 

Есен ӨТЕУЛІ

 

Ұқсас жаңалықтар