«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Хамит Есаман – Ұлттық байқаудың жеңімпазы

Хамит Есаман – Ұлттық байқаудың жеңімпазы
Автор
Еліміз еркіндігін алғалы жас қаламгерлерді қолдауға айрықша көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы әдеби сыйлығы мен «Айбоз» ұлттық сыйлығы тағайындалып, жыл сайын әр аталым бойынша жүзден жүйріктерге беріліп келеді.

Астана қаласында жас қа ламгерлерге арна лған Президенттік арнаулы әдеби сыйлығы мен «Айбоз – 2025» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты іс-шараға ҚР Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент депут атт ары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Бәсі биік байқауда Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты нағыз үздіктер иеленді. Атап айтқанда, «Проза» аталымы бойынша «Тергеуші» романы үшін Арман Әлменбет, «Поэзия» аталымы бойынша «Құмдағы хикая» поэмасы үшін Саян Есжан, «Драматургия» аталымы бойынша «Ақ киіз» драмалық шығармасы үшін Бауыржан Ширмединұлы, «Балалар әдебиеті» аталамы бойынша «Жазда атамның ауылында. . . » өлеңдер топтамасы үшін Асылан Тілегенов алды.

Салтанатты жиында 2025 жылғы «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары да марапатталды. Жерлесіміз, ақын, облыс әкімінің кеңесшісі, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Хамит Есаман «Айша бибі» поэмасы үшін «Үздік поэзия» аталымының иегері атанды.

Аталған байқаудың «Үздік проза» ат а лымы «Бруклин көпіріндегі кездесу» шығармасы үшін Дәурен Қуатқа, «Үздік аударма» аталымы «Күн қармаған бала» аудармасы үшін Әсем Ережеқызына, «Үздік әдеби сын» «Мұқағали мен Енхе. Ақын мен адамның драмасы» талдау сараптамалық мақаласы үшін Амангелді Кеңшілікұлына, «Үздік комикс» аталымы «ТАБУ. Жоғалған үміттің ізі» шығармасы үшін Ильдар Сансызбайұлына берілді.

Үздіктерге марапатты ҚР Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыс етті.

«Мұндай марапат – мемлекетіміздің әдебиет пен өнерге деген шексіз құрметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев басқа аса маңызды бағыттармен қатар руханият пен мәдениетке де ерекше көңіл бөліп отыр. Бүгін әр аймақтан байқауға қатысып, жүзден жүйрік шыққан үздіктерді шын көңіліммен құттықтаймын», – деді А.Балаева.

Біз байқау жеңімпазы, жерлесіміз Хамит Ерболатұлының қуанышын бөліскен едік.

– Мен үшін өлең – шығармашылықпен көркемдік. Бәйге деп қолыма қалам алмаймын. Өлеңнің өз кие сі, өз қасиеті бар. «Айша бибі» поэмамның жарыққа шыққанына көп уақыт болған жоқ. Былтыр жазылған еді. Біздің Әулиеата өлкесі тарихтың да ордасы. Сондықтан шығармада махаббат тақырыбы ғана емес, өңір тарихы, Әулиеатаның өзге елдермен байланысы қамтылған. Жастарды ізгі қасиеттерге, шынайы сезімді құрметтеуге, отаншылдыққа шақыратын рухты шығарма туды деген ойдамын. Нақты бағасын оқырман өзі береді. Осы еңбегімнің «Айбоз» байқауының бас жүлдесіне лайықты болғанына қуаныштымын. Басқа әріптестерімді де әр аталым бойынша алған лайықты жеңістерімен құттықтаймын, – деді ол.

Хамит Есаман сондай-ақ «Ағаштың бүрі», «Қараша хаттары», «Фәни – құбылыс» атты поэзиялық кітаптардың авторы. Республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы атанған. Біз де көңілін көркем ой тербеп, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық жұмысты, шығармашылықты қатар алып жүрген Хамит Есаманды лайықты жеңісімен құттықтап, табыс тілейміз!

 

Есет ДОСАЛЫ

Ұқсас жаңалықтар