«Сіздер өте жақсы білесіздер, жаңа Конституцияның жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Қазіргі таңда қоғам белсенділері, саяси ұйымдар мен саяси партия өкілдері, зиялы қауым, жеке азаматтар жобаны талдап өз ұсыныстарын білдіруде. Жалпы, Конституциялық комиссия 6 айдан асық уақыт белсенді жұмыс істеп, сапалы іс атқарды. Нәтижесінде 11 бөлім, 95 баптан тұратын Конституция жобасы көпшіліктің талқысына ұсынылды. Сіздер тұрғындармен тікелей жұмыс жүргізесіздер, елдің ішінде жүрсіздер. Халықтың ойпікірін күнде естисіздер. Өздеріңіздің ойларыңыз қандай? Бүгін ортаға салып ақылдасып, ел мүддесін көздейтін жобаны талқылауға мүмкіндігіміз болып отыр», – деді Серік Жақсылықұлы.
Жиын барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облысымыздағы өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Асқар Сатылғанов өз ойын ортаға салды. «Отанды сүю – иманнан» деген. Еліміздің басты құжаты – Конституция жобасы талқыланып жатқан кезде оған атсалысып үн қосу біздің де азаматтық міндетіміз. Конституция жобасы қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың араласуымен сәтті жасалған. Барлық бабы мемлекеттің дамуы, әр тұрғынның тыныштығы мен қауіпсіздігі, жастардың жарқын болашағы үшін жазылған.
Әсіресе, ІІ бөлімнің 17-бабында: «Өмір сүру құқығы әр адамның абсолюті және ажырамас құқығы . Ешкімнің өз бетімен адам өмірін қиюға құқығы жоқ. Өлім жазасына тыйым салынған», – деп жазылуы көңілімізге қонып отыр. Жаңа жобаны қызу қолдаймыз» деді. Байзақ ауданының бас имамы Қанат Жұмағұл да мемлекетті құрметтеу аса қадірлі іс екенін, барша қазақстандықтар мемлекетті бағалау керектігін, заңдарына, шешімдеріне бағыну қажеттігін, Ислам діні де тәртіп пен адалдықты, тазалықты, отаншылдықты құптайтынын айтып, жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қорытындылап, имамдарға ел Президенті ұсынған жарқын жол, жаңа бастама, ізгі қадамға деген құрметтері үшін алғысын білдірді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




