«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жас мамандар неге моноқалаларға жұмысқа барғысы келмейді?

Жас мамандар неге моноқалаларға жұмысқа барғысы келмейді?
Фото: tengrinews.kz/ Турар Казангапов
2025 жылы еліміз бойынша жалпы 1326 ауылға қызметке барған жас дәрігер әлеуметтік көмек алды. Мемлекеттік көмектің арқасында 2025 жылы 417 жас маман оқуын бітіргеннен кейін лезде жұмысқа шыққан, өтемақымен қатар 500-ден астам жас дәрігерлер үймен қамтамасыз етілген.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров мемлекеттен өтемақы алатын дәрігерлер санатына моноқалаларды да кіргізу жөнінде мәселе көтерді. Оның себебі, көптеген тәжірибелі дәрігерлер материалдық стимул болғандықтан моноқалалардан ауылдарға жұмысқа кетуде.

Бүгінде Қазақастанда моноқала бар, онда 1,4 миллион адам тұрады. Тәжірибелі дәрігерлердің кету тенденциясы барлық моноқалаларға тән процесс, ал бұл моноқалалардың басым көпшілігі ірі өнеркәсіп ошақтарының айналасында тұрғандықтан, халқының денсаулығы әрдайым білікті дәрігерлік бақылауды талап етеді. Сондықтан депутат мемлекеттен әлеуметтік өтемақы алатын елді мекендердің санатына моноқалаларды да кіргізу қажет деп есептейді.

ЖАСЫНА ҚАРАЙ ЕМЕС, ЕҢБЕК ӨТІЛІНЕ ҚАРАЙ ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒУДЫ ҰСЫНДЫ

Сенатор Амангелді Нұғманов өзінің депутаттық сауалында жасқа байланысты зейнетақы тағайындау үлгісінен еңбек өтіліне негізделген жүйеге кезеңкезеңімен көшуді ұсынды.

Ол адам жасына байланысты зейнетақыны тағайындау үлгісінен еңбек өтіліне негізделген жүйеге кезеңкезеңімен көшуді қарастыруды орынды деп санайды. Бұл ретте азаматтарға осы шешім үшін экономикалық жауапкершілікті өзіне ала отырып, қажетті өтілге жеткеннен кейін зейнетке шығу сәтін дербес айқындау құқығы берілуі мүмкін.

«Бұл реформаны іске асырудағы күтілетін нәтиже – жұмыссыздық деңгейін төмендету, масылдық көзқарасты қысқарту мен енжарлықты ынталандырмау және мер зімінен бұрын экономикалық белсенділіктен негізсіз шығуды болдырмау мен азаматтардың еңбекке жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, сондайақ мемлекеттік бюджет пен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ауыртпалықты азайту есебінен зейнетақы жүйесінде ауқымды қаржы теңгерімділігін қамтамасыз ету болады», – деді Амангелді Нұғманов.

СЕРГЕК КАМЕРАЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІ БОЛМАЙ ТҰР

Сенатор Марат Қожаев  көліктің жылдамдығын бақылау жүйесін жетілдіру мәселесін көтерді. Оның айтуынша, бір жерде суретке түсірудің профилактикалық әсері болмай отыр, өйткені жүргізушілер жылдамдықты камералар алдында ғана уақытша төмендетуде. Осыған байланысты елді мекендерде орташажылдамдықты бақылауды енгізу, сондай-ақ ЖҚЕ жүйелі бұзушылықтарға жауапкершілік өсе беретін және санкцияны қатаңдату арқылы әрекет ету жүйесін жасау ұсынылады.

«Жүргізушілердің бір бөлігі әкімшілік айыппұлды алдын алу үшін емес , жылдамдықты асырғаны үшін «жайлылық пен бәріне алынған рұқсат үшін» шығын ретінде қабылдауы ерекше алаңдаушылық туғызады. Бұл жағдай қауіпті мінез-құлық дағдысын қалыптастырады, онда жүйелі түрде тәртіп бұзушы ісі ауыр, қайтымсыз салдарға әкеп соқтырмайынша көлік жүргізуді жалғастырады. Жауапкершілік шаралары мен заңға бағыну мінез-құлқын ынталандыру арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету аса маңызды деп санаймыз. Міндетті сақтандыру құнын төмендетуді, сервистік өнімдерді пайдалану кезінде жеңілдіктер беруді, сондай-ақ қауіпсіз жүргізудің тұрақты мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ынталандырудың өзге де түрімен қоса тәртіп бұзбайтын жүргізушілерге көтермелеу жүйесін әзірлеуді қарастыру орынды болып көрінеді. Жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын адамдарға көлік құралдарын басқаруға рұқсатты бағалауға түбегейлі жаңа, қатерге бағдарланған тәсілді енгізуді жеке қарастыруды ұсынамыз», – деп атап өтті депутат.

Сенатордың пікірінше, жол қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясат жекелеген эпизодтарды тіркеумен шектелмей, тәртіп бұзушылықтың жүйелілігін ескеруі тиіс. Әйтпесе, кешігудің құны адам өмірімен өлешене бермек.

Оралхан ДӘУІТ

Ұқсас жаңалықтар