Құқықтық сауаттылық өз мүддесін қорғауға мүмкіндік береді
- author «Ақ жол»
- 12 ақпан, 2026
- 111
Құқықтық сауаттылық азаматтарға заңды бұзбай, өз мүддесін қорғауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл азаматтар мен мемлекеттің арасындағы сенімді нығайтып, қоғамда тәртіп пен әділеттіліктің сақталуына септігін тигізеді. Азаматтардың міндеттері – өз құқықтарын орындау, заңдарды сақтау және басқа адамдардың құқықтарына құрметпен қарау. Жауапкершілік қағидалары әрбір адам үшін өмірдің әртүрлі кезеңінде маңызды болып табылады, өйткені олар қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында мемлекет және білім беру жүйесі әртүрлі ақпараттық науқандар, семинарлар мен тренингтер ұйымдастырады. Азаматтар бұл құралдар арқылы өз құқықтары мен міндеттерін тереңірек түсінеді. Ал әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтудың маңызды алғышарттарының бірі болып табылады. Қазіргі қоғамда әйелдер тек отбасы институтында ғана емес, сонымен қатар қоғамдық, әлеуметтік және саяси процестерде де маңызды рөл атқарады. Әйелдердің шешім қабылдау үдерістеріне қатысуы қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті арттырып, түрлі көзқарастардың ескерілуіне жол ашады. Бұл өз кезегінде қақтығыстардың алдын алуға, әлеуметтік шиеленістерді төмендетуге және қоғамдық келісімді сақтауға ықпал етеді. Әйелдердің құқықтарын құрметтеу – адам құқықтарын қорғаудың ажырамас бөлігі.
Мемлекет әйелдерге тең мүмкіндіктер жасау арқылы олардың әлеуетін толық іске асыруына жағдай жасайды. Әйелдердің білім, еңбек және қоғамдық қызмет салаларындағы белсенділігі қоғамның тұрақты дамуына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар әйелдердің қақтығыстарды алдын алу және реттеу процестеріне қатысуы бейбіт бастамаларды нығайтуға көмектеседі. Диалогқа бейімділік, әлеуметтік жауапкершілік және келісімге ұмтылу – әйелдердің қоғамдағы бейбітшілік мәдениетін қалыптастырудағы маңызды үлесі. Сондай-ақ Қазақстан Ре спубликасы Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы №1081 Жарлығымен бекітілген ішкі саясаттың негізгі қағидалары, құндылықтары мен бағыттары мемлекеттің қоғамдық дамудағы стратегиялық бағдарын айқындайды. Бұл құжат азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамдық келісімді нығайтуға және саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Ішкі саясаттың басты қағидаларының бірі – адам және оның құқықтарының басымдығы.
Мемлекет азаматтардың азаматтық және саяси құқықтарын қамтамасыз етуге, олардың еркін пікір білдіруіне, қоғамдық және саяси процестерге қатысуына жағдай жасауға ерекше мән береді. Бұл демократиялық институттарды дамыту мен құқықтық мемлекетті нығайтудың маңызды шарты болып табылады. Сонымен қатар құжатта заң үстемдігі, әлеуметтік әділдік, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігі секілді құндылықтар айқын көрсетілген. Бұл қағидалар қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді арттырып, азаматтардың мемлекеттік басқаруға деген қатысуын күшейтеді.
Азаматтардың саяси құқықтарын қорғау мәселесі ішкі саясаттың маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырылады. Сайлау процесінің әділдігі, қоғамдық бірлестіктердің еркін қызметі және азаматтық қоғам институттарының дамуы – елдің тұрақты дамуының негізгі кепілі.
Еркін ҚУАНЫШЕВ
адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі.
Ұқсас жаңалықтар
Алты ауылда мыңнан астам жұмыс орны ашылған
- 11 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




