Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күні 273 миллиард теңге көлемінде 2004 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қамтитын пул қалыптасқан.
Қазірдің өзінде 1581 өтінім назарға алынып, 172,3 миллиард теңгеге қаржыландырылып, 2 миллион гектардан астам егіс алқабы қамтылған. Сонымен қатар несие сомасының 85 пайызына дейін кепілдік беруге жол ашатын «Даму» қоры арқылы қарыздарды кепілдендіру тетігі іске асырылуда, Қазіргі уақытта 333 кепілдік беріліп,қарыз сомасы 55 миллиард теңгені құрап отыр.
Мемлекет басшысының көктемгі дала жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау 1 қазанда басталған. Қаржыландыруды ерте бастау шаруаларға 2026 жылғы егіс науқанына алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді. Алынған қаражат жанар-жағармай материалдарын тиімді бағамен сатып алуға, минералдық тыңайтқыштар алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге және қажетті тұқым қорын қалыптастыруға бағытталады.
Жеңілдетілген қаржыландыру көктемгі дала жұмыстарын дайындау мен өткізуге, сондай-ақ егін жинау науқанына және маусымдық шығындарды жабуға қолжетімді. Қаражат еліміз бойынша Аграрлық несие корпорациясының филиалдық желісі және серіктес қаржы институттары арқылы ұсынылады.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




