- Advertisement -

Шырақшысы шындықтың

68

- Advertisement -

Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығы мен аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті мемлекет қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай «Шерхан оқулары» атты аудандық байқау өткізілді.

Байқау «Бір кем дүние», «Шырақшысы шындықтың», «Аңыз тұлға – Шер-аға!» деп аталатын бөлімдерді қамтыды. Жарысқа 10 -11-сынып оқушылары арасынан барлығы 18 оқушы қатысып, бақ сынады.

Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені А.Суханбаев орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ажар Өмірәлі иеленді. Бірінші орынға Ақшолақ орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ақжайық Нағашбай табан тіресе, екінші орын №1 мектеп гимназиясының 10-сынып оқушысы Нұрдәулет Бердуллаев пен Берікқара орта мектебінің 10- сынып оқушысы Қазына Еркінқызына бұйырды. Ал үшінші орынды Ғ.Мұратбаев гимназиясының оқушысы Іңкәр Толдыхан мен Абай орта мектебінің 10-сынып оқушысы Мейірім Бейбітқызы иеленді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Гүлжанар ПРАЛИЕВА,

аудандық балалар шығармашылығы және

тәрбие орталығының педагогі.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support