- Advertisement -

Таразда көші-қон қызметінің қос қызметкері ұсталды

69

- Advertisement -

Таразда көші-қон қызметінің қос қызметкері ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі ресми парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

«10 сәуірінде Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаменті Полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп Тараз қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметінің екі қызметкерін ұстады. Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды» — деп хабарлады ҰҚК.

Қос қызметкер заңсыз келген шетелдіктерге «қамқорлығы» үшін жарты миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Еске салсақ, бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Мұратұлы ұсталған еді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support