Таразда уақытша көгілдір отын болмайды

Таразда уақытша көгілдір отын болмайды
ашық дереккөз
Таразда уақытша көгілдір отын болмайды
 30 сәуір мен 3 мамыр аралығында Тараз қаласының бірқатар ауданында табиғи газ беру уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды aqjolgazet.kz «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының хабарлауынша, төменде көрсетілген мекенжайларда орналасқан газ құбырларына және олардың қондырғыларына ағымдағы жөндеу жұмыстары  жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары жүргізілетін күндері таңғы сағат 08:30-дан кешкі сағат 18:30-ға дейін газ беру уақытша тоқтатылады. Атап айтқанда, 30 сәуірде Абай көшесі мен Көлтоған иіні: Ақжібек, Ақшоқы, Шамшырақ, Сарайшық, Новая, Бірінші май, Жиделі, Білге қаған көшелерінде газ өшірілсе, 2 мамыр күні Шаңырақ иіні: Т.Жүргенов, Желмая, Л.Хамиди, Қайдуллин, С.Торайғыров, М. Сералин, Ш.Айманов, Байқоныс, Ә.Қашаубаев көшелерінде газ уақытша болмайды. Сондай-ақ 3 мамыр күні Құмшағал иіні: Бейбарыс Сұлтан, Ақсарай, Жандосов, Ақсу-Жабағылы, Сұлусай, Махамбет, Нияз батыр көшелерінде газ өшіріледі.

Ұқсас жаңалықтар