- Advertisement -

Жамбылдық тұрғын кезексіз пәтер алуға 500 мың теңге пара берген

66

- Advertisement -

Жылдан-жылға халықты алдауды кәсіп қылған алаяқтардың әрекеттері сан алуан және айла-әдістері күрделеніп келеді. Полицейлердің ұдайы алдын-алу шараларын жүргізіп, қаржы мәселесінде сергек болуға шақырған ескертулеріне қарамастан, қаржылық сауатты екеніне сенімді, тіпті өзін алдау мүмкін емес деп ойлайтындардың өздері де алаяқтардың арбауына шырмалуда,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаяқтық деректері бойынша полицияға жиі жүгінетін азаматтардың шағымдары осыған дәлел болады.

Мәселен, Қордай ауданының полиция бөліміне 23 жастағы жергілікті тұрғын азаматша хабарласып, бірнеше ай бұрын мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесуге уәде берген танысына жарты миллион теңге бергенін айтып шағымданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 26 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.

Тергеу іс-шараларын жүргізу барысында оның 2021 жылы тағы бір азаматшаға тұрғын үй сатып алуға көмектесуге уәде беріп, 550 мың теңгесін алдап алғаны белгілі болды.

Бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті оқуға қабылдауға, жұмысқа орналасуға, жылжымайтын мүлік алуға немесе қандай да бір құжаттарға қатысты делдал болуға уәде берген адамдарға сенбеу қажеттігін қатаң ескертеді. Мемлекеттік қызметтерді тек арнайы мемлекеттік органдарда немесе ресми порталдардан алу керек.

Фото-коллаж: Назерке Сәндібек

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support