- Advertisement -

Биыл мыңнан аса жамбылдыққа кәсіп бастауға грант беріледі

63

- Advertisement -

Биыл мыңнан аса жамбылдыққа кәсіп бастауға грант беріледі,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы күні кеше облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат жиынында Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов мәлімдеді.

Еркін Егембердіұлының айтуынша, биыл облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 1 008 адамға 1,4 млрд теңге көлемінде қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр. Қайтарымсыз қаржыға өтініш беру порталы  8-ші  сәуірде іске қосылған.

Сондай-ақ биыл облыс аумағында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында  362 жас кәсіпкерге 2,5 пайызбен 1,8 млрд. теңге көлемінде микронесие беріледі.

Фото-коллаж: Назерке Сәндібек

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support