Сарысуда «Таза Қазақстан» саябағы ашылды

Сарысуда «Таза Қазақстан» саябағы ашылды
ашық дереккөз
Сарысуда «Таза Қазақстан» саябағы ашылды

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында аудан орталығы - Жаңатас қаласында «Таза Қазақстан» саябағы ашылды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz Саябақтың ашылу салтанатына аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудан ардагерлері, зиялы қауым, қоғамдық ұйым өкілдері, мекеме және кәсіпорын қызметкерлері мен жастар қатысты. Игілікті шарада аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы «Өнегелі ұрпақ» апталығымен жалғасып, осы экологиялық науқанның аясында ауданда ауқымды жұмыстардың атқарылып жатқандығына кеңінен тоқталды. Жаңа саябақтың лентасын аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков, Сарысу ауданының Құрметті азаматы Басие Абдрахманов және Жаңатас қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмәлі Орымбаев салтанатты түрде кесті. Саябақтың ашылуына келген көпшілік «Өнегелі ұрпақ» апталығының бірінші күнінде жаңа саябаққа Жамбыл облысының 85 жылдығына орай - 85 шырша, Жаңатас қаласының 55 жылдығына орай - 55 түрлі тал көшетін отырғызды.

Ұқсас жаңалықтар