«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің жұмысы

Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің жұмысы
Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту жаңа кезеңдегі басым бағыт ретінде белгіленген. Мұны іске асыру халыққа әділ, адал, ашық қызмет көрсететін, адамға бағдарланған сервистік сипаттағы мемлекеттік аппарат қалыптастыруды көздейді.

Бүгінгі күні Еліміздің барлық өңірлерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар әзірлеуді көздейтін Агенттіктің Әдеп жөніндегі кеңестері жұмыс атқарады.

Олардың басты міндеттерінің қатарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын бұзу профилактикасы бойынша жұмыс қорытындыларын қарау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу нысандары мен әдістерін жетілдіру мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу арқылы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу кіреді.

Аталып өткен шаралар мемлекеттік қызметшілерді жазалауемес, керісінше құқық бұзушылықтардың алдын алуғабағытталған.

Әдеп жөніндегі кеңестер институтының тағы бір ерекшелігі, оның құрамына бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, депутаттар менқоғам белсенділерінің енгізілуі бұл институттың ашық екендігін көрсетеді. 

Өз қызметінде жариялылыққа, жүйелілікке және профилактикалық бағытқа баса назар аудара отырып, Агенттіктің Әдеп жөніндегі кеңестері мемлекеттік органдар мен жұртшылық арасында жеткілікті беделге ие болуда.

Әдеп жөніндегі кеңестің әрбір отырысы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланады. Ал бұл, өз кезегінде, мемлекеттік қызметшілердің санасына құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу туралы алдын ала ықпал ету әдісі болып табылады.

Кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қараумен ғана шектелмей, бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен факторларды жоюға бағытталған ұсыныстар береді.

Мәселен, өткен жылдың қорытындысы мен биылғы жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік органдарға қызметтік тәртіпті нығайту және бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 269 ұсыныс енгізілді деп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара әрекеттесу, қызметтік тәртіпті нығайту, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтауға бағытталған шараларды жүзеге асыру бойынша).

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен түрлі мәселелер бойынша 63 жеке қабылдаулар ұйымдастырылып, онда барлығы 174 азамат қабылданды.

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және әдеп нормаларын түсіндіру бойынша 152 іс-шара өткізілді.

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бойынша да бірқатар жұмыстарды атқарды.

Нақтырақ айтқанда, хатшылықпен мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысына жүргізілген талдаулардың нәтижесінде, кеңес ұсынымдары негізінде 3 мемлекеттік қызметшіге қатысты қолданылған тәртіптік жазаларының күші жойылды, сәйкесінше олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.  

Одан бөлек, мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысын беру, іссапар шығындарын төлеу және сыйақылар беру барысында заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген талдау қорытындысы бойыншақабылданған шаралардың нәтижесінде 42 мемлекеттік қызметшіге 1 млн теңгеден астам сомадаіссапар шығындары төленіп, олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Жүргізілген талдаудың нәтижелерінде анықталған еңбек демалысы мен іссапар шығындары кешіктіріліп төленгені үшін 1787 мемлекеттік қызметшіге 2 млн теңгеден астам құрайтын өсімпұл сомалары төленіп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Осылайша, Әдеп жөніндегі кеңестің институттары мемлекет саясатын тиісті деңгейде сапалы іске асыруда. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.

 

 

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы,

Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы                                                    Р.Шарипов

Ұқсас жаңалықтар