- Advertisement -

ҚАЖ қызметкерлері жаздық киім нысанына көшті

57

- Advertisement -

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері жаздық киім нысанына көшті. Осыған орай, аталған мекемеде саптық байқау ұйымдастырылды.

Мекеме бастығының орынбасары Олжас Бектаев жеке құрам қызметкерлерінің нысанды киім-кешектері мен олардың сыртқы түрінің белгіленген нормаларға сәйкестігін тексеріп, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуын және сәйкестігіне тексеріс жүргізді.

Жалпы, аталған іс-шараның мақсаты – жеке құрамның нысанды киім киіп жүруі мен сыртқы келбетін ұстау ережелерін сақтауын, сондай-ақ қызметкерлердің қысқы кезеңде іс-қимыл жасауға дайындығын тексеру.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support