- Advertisement -

Жамбылдықтар жаппай сенбілікке шықты

13

- Advertisement -

Жамбылдықтар жаппай сенбілікке шығып, каналдар мен арықтарды тазалады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысында су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар белсенді жалғасуда.

Бүгін облыс әкімінің бастамасы бойынша облыс аумағында жаппай сенбілік ұйымдастырылып, су каналдары мен арықтар тазаланды.

Сенбілікке өңірдегі барлық мемлекеттік, әлеуметтік мекемелер мен жеке ұйымдар, бизнес нысандарының қызметкерлері, белсенді жастар мен қала тұрғындары атсалысты.

Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев жастармен бірге Тараз қаласындағы басты су жүйелерінің бірі Қарасу каналының тазалау жұмыстарына қатысты.

Бұдан бөлек қаладағы Түйте, Қарасу-2, Сеңкібай каналдары да тазаланды.

Бұл бағыттағы жұмыстар барлық аудандар да ұйымдастырылды.
Жалпы облыс бойынша сенбілікке 20 мыңнан астам адам қатысып, 2600 тоннадан астам күл-қоқыстарды полигондарға шығарды. Бүгінге дейін 809 шақырымнан астам каналдар мен арықтар, 1600 шақырым көшелер және скверлер мен саябақтар тазаланды.

Облыс әкімі бұл бағыттағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыру, өзендердің жағалауларын назарда ұстау, каналдарды механикалық тазалаудан өткізуге қатысты жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

Айта кетейік, алдағы күндері Тараз қаласындағы 8 каналды механикалық тазалау жұмыстары қолға алынады. Сондай-ақ, Сеңкібай, Қапал, Төрекелді, Үшбұлақ, Қарасу-1 және Қарасу 2 каналдарын жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support