- Advertisement -

Таразда әр аптаның сенбісінде көшпелі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

34

- Advertisement -

Бүгін Тараз қаласы «Жастар» аллеясының алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өтті.

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жәрмеңкеге келушілердің қатары өте көп болды. Мұнда шаһар тұрғындары облысымыздың бес ауданынан келген табиғи өнім өндірушілердің тауарларын ешқандай делдалсыз, нарықтағы бағадан 15-20 пайыз төмен алуға мүмкіндік алды.

Жәрмеңкені ұйымдастырушы Тараз қаласы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанболат Таңатаровтың айтуынша, мұнда жалпы құны 19,8 миллион теңгені құрайтын 34,7 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды.

— Бүгінгі жәрмеңкеде Байзақ, Жамбыл, Меркі, Талас, Шу аудандары мен Тараз қаласының аумағындағы ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпкерлердің тауарлары сөреге қойылды. Бұл кәсіпкерлер мемлекет тарапынан төмендетілген пайызбен несие немесе қайтарымсыз грант алып өз істерін дөңгелеткен азаматтар. Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, тиісінше кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Тараз қаласының адам саны көп шоғырланған аумақтарында әр аптаның сенбісінде дәл осындай көшпелі жәрмеңке ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, — дейді Ж.Диханбекұлы.

Айта кетейік, жыл басынан бері ауылшаршалық жәрмеңкесі қатырынан төртінші рет ұйымдастырылып отыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support