Мемлекеттік бюджетке 4,5 триллион теңгеге жуық кіріс кірген

Мемлекеттік бюджетке 4,5 триллион теңгеге жуық кіріс кірген
ашық дереккөз
Мемлекеттік бюджетке 4,5 триллион теңгеге жуық кіріс кірген
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы министрі Мәди Такиевті қабылдады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz Ақордаға сілтеме жасап Мәди Төкешұлы Президентке мемлекеттік қаржының негізгі параметрлері, оның ішінде биылғы І тоқсанда жұмсалған республикалық бюджет қаражаты туралы есеп берді. Мәселен, 3 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 4,5 триллион теңгеге жуық кіріс кірген. Өнімсіз бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстарына жүргізілген сараптама нәтижесінде биыл 300 миллиард теңгеден астам соманы қысқарту ұсынылған. Бұл қаражат экономикалық қайтарымы барынша жоғары шараларға жұмсалады. Сонымен қатар Қаржы министрі мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау жоспары жөнінде айтты. «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң жобасында сатып алу рәсімдерін жеңілдету және бюрократиядан арылту, құрылыс нарығында монополияға жол бермеу, барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымның сатып алуларын бірыңғай платформаға көшіру көзделген. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Кемелұлы сала басшысына мемлекеттік қаржының жағдайын жақсарту, атап айтқанда, бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру салаларын цифрландыру арқылы жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Ұқсас жаңалықтар