- Advertisement -

Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұрасы ұлықталды

48

- Advertisement -

Бүгін М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен «Мағжан мұраларындағы ұлттық таным» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Онлайн және офлайн форматта өткен семинарда Тараз өңірлік университеті, «Журналистика және филология» кафдедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Сәмен Құлбарақ, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынай Абдыкадырова, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Айгүл Үсен және де жергілікті білім беру орындарының педагог-зерттеушілері Саракүл Шаршыбаева мен Маржан Шартықбаева қатысып, Мағжан мұралары туралы баяндама оқыды.

Іс-шараға қатысқан студенттер Алаш зиялысының өмір жолы мен шығармашылығы туралы толымды, әрі тың ақпарат алып, пікір алмасты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support