Бірлік – береке бастауы

Бірлік – береке бастауы
ашық дереккөз
Бірлік – береке бастауы
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Жамбыл облысында жоғары деңгейде аталып өтті. Айтулы күні облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Достық» үйінде өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтық мүшелері мен облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес пен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысып, қазақстандықтар арасында бірегейлік пен ынтымақтастықты арттыру, бейбітшілік пен келісімді сақтау тақырыбында пікір алмасты. Іс-шара барысында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Ұлттық Құрылт ай мүше сі Лугмар Буларовты Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып тағайындалуымен және жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады. – Халқымызда «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген нақыл сөз бар. Ынтымағы жарасқан елдің ғана болашағы жарқын болары сөзсіз. Ауызбіршілік пен түсіністік, ортақ келісім болған жерде ел игілігі үшін нәтижелі істер де жасалатыны анық. Киелі Жамбыл жерін мекен еткен 87 этнос өкілдері ортақ Отанымыздың тыныштығы мен тұрақтылығына атсалысуда. Өңірде барлығы – 75 этномәдени бірлестік бар. Облыста тұратын әрбір этнос өкілдерінің ұлтына, тіліне, мәдениетіне, тарихына құрметпен қарау біздің басты міндетіміз,–деді Ербол Шырақпайұлы. Сонымен қатар, дөңгелек үстел отырысының қатысушылары Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында алға қойған мақсат пен міндеттері, маңызды тапсырмалары жайында сөз қозғап, су т асқынына байланысты туындаған төтенше жағдайда этносаралық татулықтың маңыздылығына тоқталды. –Жыл сайын мереке қарсаңында өткізілетін Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы биыл елімізде төтенше жағдаймен тұспа-тұс келді. Осы қысылтаяң шақта халқымыз үшін бірлік пен ынтымақ ұғымының маңыздылығы айқын көрінді. Еліміздің он өңірінде орын алған су апаттарынан зардап шеккен халыққа көмек қолын созу мақсатында өңірлік этномәдени бірлестіктер мен ұйымдар қайырымдылық жұмыстарына белсенді қатысып, татулық пен бірліктің озық үлгісін көрсетті. Бұл біздің ортақ Отанымыздың алдындағы қастерлі парызымыз, – деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Л.Буларов. Айта кету қажет, Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпыұлттық «Қайырымдылық керуені» және «Қоржын» акциялары аясында 200 аз қамтылған отбасыға 4, 5 миллион теңгеге қайырымдылық көрсеткен. Бұдан бөлек, су тасқынынан зардап шеккен аймақ тұрғындарына Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық мекемесі жанынан құрылған «Жомартжан» орталығы 57 миллион теңге көлемінде гуманитарлық көмек пен облыстан 106 бірлік арнайы техника жөнелтілген. Жиында облыс әкімі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін және су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін бірқатар этномәдени бірлестік пен құрылым өкілдерін марапаттады. Атап айтқанда, облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени орт алықт ары» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Воли Быйджангуйди, аталған орталықтың Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Гейсыр Чечанло, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі облыстық филиалының мүшесі Ватан Сулиев облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, облыстық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Альфия Мейрамбай, Әмина Мейірбек, Дильмурат Муралимов пен Ширина Шукуралиева өңір басшының қолынан Алғыс хат иеленді. Сонымен қатар, кездесуде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Асқарбек Сейілхан, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жалил Аббосов, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Хамида Турдыева мен облыстық «Радонеж» орыстар қоғамдық бірлестігінің мүшесі Евгений Кравчук көпұлтты қоғамның құндылықтары мен өзара мәдени ынтымақтастықты арттыру, этностардың салт- дәстүрлерін сақтап, одан әрі нығайту тақырыбында өз ойларын ортаға салды. Келелі кездесу соңы этнос өкілдерінің сәндік-қолданбалы өнер туындылары көрмесімен жалғасты.  

Нұрболат АМАНБЕК

Ұқсас жаңалықтар