Іскерлік байланыс арта түсті

Іскерлік байланыс арта түсті
ашық дереккөз
Іскерлік байланыс арта түсті
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Шэньси Ифень» компаниясының директоры Тао Хуанмен кездесті. Кәсіпорын 6 бағытта жұмыс істейді: тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысы, жол саласы, техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлау, ауыл шаруашылығы, қонақүй және мейрамхана бизнесі, тау-кен өндіру саласы. Ербол Қарашөкеев жауапты тұлғаларға өнеркәсіптің түрлі салаларындағы компаниямен өзара іс-қимыл перспективаларын зерделеуді тапсырды және іскерлік байланысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Облыс әкімі өңірлік нарықтың болашағы туралы айта келе, ұзақмерзімді және нәтижелі ынтымақтастық үшін барлық жағдай жасалатынын жеткізді.  

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар