- Advertisement -

Сергеев су қоймасы ернеуіне тірелді

47

- Advertisement -

Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан Сергеев су қоймасынадағы жиналған су көлемі 3 метрден асып кетті,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі Bizmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Су тасқынының биіктігі қазір 335 сантиметрді құрайды. Бұл 2017 жылы облыста қатты су тасқыны болған кездегі көрсеткіштен 3 сантиметрге ғана аз.

Қазгидромет жариялаған мәліметке сәйкес, соңғы тәулікте су деңгейі 125 сантиметрге көтерілген. Қазір ондағы су көлемі 1 136 миллион текше метрге жетіп, оның толық қуатының 164 пайызын құрап отыр.

Филиал директоры Қымбат Мерғалимова гидрологиялық болжамның апта сайынғы ақпаратымен бөлісті. Есіл өзені бассейні бойынша 28 наурыз бен 4 сәуір аралығында Сергеев су қоймасына дейін жиналған ылғал қорының көлемі 2 516 миллион текше метрге азайып, қазіргі уақытта 4 248 миллион текше метрді құрайды. Бұл көрсеткіш жылдық орташа көрсеткіштен 24 пайызға жоғары.

Сәуірдің 6-сы мен 12-сі аралығындағы аптаның деректеріне сүйенсек, Есіл өзені бойымен Сергеев су қоймасына қарай ағынның көлемі 2400-ден 3600 млн текше метрге дейін жетеді деп күтілуде. Селета өзеніне келетін болсақ, Селетин су қоймасына 50-ден 80 миллион текше метрге дейін, ал Шағалалы өзені бойымен Шағалалы су қоймасына 60 миллионнан 100 миллион текше метрге дейін құяды деп күтілуде.
Сондай-ақ, соңғы тәулікте Есіл өзенінің бойындағы өлшеу бекеттерінде су деңгейінің 29-дан 319 сантиметрге дейін көтерілгені атап өтілді. Су деңгейінің жоғарылауы ірі ғана емес, сонымен қатар су деңгейі 3-тен 147 сантиметрге дейін көтерілген шағын өзендерде де байқалады.

Үлкен Таранғұл көлінде де су деңгейінің айтарлықтай көтерілуі тіркелді — соңғы 24 сағатта су деңгейі 32 сантиметрге көтеріліп, қауіпті деп саналатын деңгейге бір сантиметрге жақындады.

Фото- ©️ РГП «Казводхоз»

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support