Биыл елімізде 172 мың тұрғын үй салынады

Биыл елімізде 172 мың тұрғын үй салынады
ашық дереккөз
Биыл елімізде 172 мың тұрғын үй салынады
Биыл елімізде 172 мың тұрғын үй салынады. Бұл туралы бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Мемлекет басшысының қабылдауында мәлімдеді, - деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Қанат Биісімбайұлының айтуынша, қазіргі уақытта су басқан өңірлерде жаңа тұрғын үй салу үшін жобалық-сметалық құжаттаманың құнын бекіту жұмыстары аяқталып келеді. Сонымен қатар биыл 172 мың тұрғын үй салу көзделіп отыр. Мұнымен қоса жалға берілетін 22 мың тұрғын үйдің құрылысына мемлекеттен 300 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Айта кетейік, өткен жылы елімізде 157 мың тұрғын үй салынған болатын.

Ұқсас жаңалықтар