Биыл 3 миллион оқушы лагерге барады

Биыл 3 миллион оқушы лагерге барады
ашық дереккөз
Биыл 3 миллион оқушы лагерге барады
Елімізде әр түрлі санаттағы мектеп жасындағы 3,1 миллионнан астам бала жазғы демалысын тиімді өткізе алады. Бұл мектеп оқушыларының 88 пайызын құрайды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда 11 мыңнан астам лагерь балаларды қабылдауға әзір тұр.
«Балалар мен олардың ата-аналары үшін қолжетімді сауықтыру бағдарламалары, орналасу шарттары мен қауіпсіздік ережелері туралы пайдалы ақпарат қамтылған «Балаларға базарлық» және «Қауіпсіз жаз» ақпараттық пакеті дайындалды. Сонымен қатар өңірлерде жаңадан 5 сауықтыру орталығын ашу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, 2026 жылға дейін 50 жаңа орталық пайдалануға беріледі», - деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.
Сондай-ақ биыл алғаш рет лагерьлердің барлық түрі үшін бірыңғай талаптар әзірленді, қосымша білім беру волонтерлері мен педагогтері лагерь жұмысына тартылды, лагерьлерді қабылдау мен нұсқамалық өткізудің республикалық мониторингі құрылды. Фото: kazgeo  

Ұқсас жаңалықтар