Ат бәйгенің жүлдесі қайырымдылыққа жұмсалады - ҰСҚ

Ат бәйгенің жүлдесі қайырымдылыққа жұмсалады - ҰСҚ
ашық дереккөз
Ат бәйгенің жүлдесі қайырымдылыққа жұмсалады - ҰСҚ
Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен Qazaq Jockey Club Алматы қаласындағы ипподромда биылғы жылдың алғашқы ат шабысын өткізді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап
«Біздің негізгі мақсатымыз – осындай дүниежүзілік ат жарыстарының құрамына кіру. Қазақ халқы мұны ұшқыр бәйге деп атайды, ал дүниежүзінде классикалық бәйге деп жатады. Бәйгеден мұның айырмашылығы - әр аттың өзінің тұқымына сәйкес қысқа қашықтыққа шабады. Мәселен, 2 жасар жылқылар маусымның ашылуында 1000 метр қашықтықтан бастап, 1600 метрге дейін шабады», - дейді Qazaq Jockey Club төрағасы Мақсат Ахаев.
Сайыс әртүрлі қашықтықта 9 түрлі ат шабыс бойынша өтті. Оған 2-4 жас аралығындағы Қазақстанның 70 ең үздік сәйгүлігі қатысты. 1000 метр қашықтықта жеңімпаз атанған Мэрайя атты жылқының бапкері Рамазан Амангелді өзі баптаған сәйгүліктің үмітін ақтағанын айтты. Еске сала кетейік, бүгінгі ат жарысынан түскен барлық қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге жіберіледі. Фото: ultsport.kz М.Тажкуранов

Ұқсас жаңалықтар