Кенен Әзірбаевтың туғанына - 140 жыл

Кенен Әзірбаевтың туғанына - 140 жыл
ашық дереккөз
Кенен Әзірбаевтың туғанына - 140 жыл
Баузақ ауданындағы саз мектебінде жырау, әнші-композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына 140 жыл толуына орай үлкен іс-шара өтті. «Сағындым Кенен атамды» тақырыбында өткен мәдени-көпшіліктік кездесуге ақынның ұрпақтары мен зиялы қауым өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Шара барысында «Кенен» қорының демеушілігімен жасалған ақын-жырау бюстінің салтанатты ашылуы өтті. Көпшілікке мәлім тұлғаның 120-дан астам әні мен ел ішінде кеңінен танымал 7 күйі және мыңға жуық жыр жолдары өскелең ұрпаққа мұра болып қалды.

Ұқсас жаңалықтар