- Advertisement -

Су тасқыны: Жамбыл облысынан 17 гуманитарлық жүк көлігі жолға шықты

45

- Advertisement -

Жамбыл облысынан Қазақстанның 7 аймағына гуманитарлық жүк артқан он жеті жүк көлігі жолға шықты, — деп хабарлайды aqjolgazet.kz

— Су тасқыны орын алған аймақтарға жамбылдықтардың гуманитарлық көмегі жалғасуда. Бұл мәселені облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өзінің тікелей бақылауына алып отыр. – Өздеріңіз көріп тұрғандай, қазір осы жерден 17 жүк «Камазы» жолға шығады. Әр жүк көлігінде 20 тоннадан азық — түлік, киім — кешек, ең қажетті заттар бар. Оның ішінде 7 «Камазбен» 140 тонна пияз жіберіп отырмыз. Бұл – Жамбыл облысы тұрғындарының су тасқыны болып жатқан өңірлерге гуманитарлық көмегі. Облыс әкімдігі жүк көлігінің шығынын көтеріп, ұйымдастыру жұмыстарына ғана атсалысып отыр. Бұйырса, бұл жүк көліктерімен жіберіліп жатқан көмек Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарына және Торғай өңіріне жеткізілетін болады. Жүк көліктерінің жолдағы қауіпсіздігін де мемлекеттік автоинспекторлар арқылы жүзеге асырудамыз. Бұл – облыс халқының сын сағаттағы қолдауы, бірлігі мен жанашырлығы, – деді іс-шараның басы-қасында жүрген облыс әкімінің орынбасары Әбілқайыр Тамабек.

Еске салсақ, өткен аптада Тараз қаласының «Газель клуб» еріктілері жергілікті тұрғындардан жиналған гуманитарлық көмекті Ақтөбе қаласына жеткізіп берген болатын.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support