- Advertisement -

Президент тапсырмасы іс жүзінде орындалады

10

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Президент аталған мәселеге айрықша назар аударып, әкімдерге тазалық айлығын жүйелі түрде жүргізуді жүктеді.

Көктемгі көгалдандыру, тазарту жұмыстарына тұрғындар мен еріктілерді тарту керегіне де тоқталған Қасым-Жомарт Кемелұлы елді мекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-бапт ау әкімдердің қызметін бағалаудағы бір өлшем болатынын жеткізді. Президент тапсырмасында өңір басшылары қалалардың келбетін көрікті жағдайда ұстау мәдениетін енгізуі керегін де ескертті.

Жамбыл облысы Президент т апсырмасын іс жүзінде орындауды бастап кетті. Осы орайда, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жамбылдық жұртшылықты жұмыс барысымен хабардар етті.

– Қадірлі әулиеаталықтар! Тарихы терең, киелі Әулиеата өңірінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны басталды. Бұл игі бастамаға барша облыс тұрғындары өзара ұйымшылдықпен қатысады деп сенемін.

Мемлекет басшысы көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аулаларын абаттандыру, жолдарды ретке келтіру бойынша нақты міндеттер жүктеген болатын. Расында да, бұл тұрғыда мәселелердің өзектілігі күн санап артып келеді. Ал, оның шешілуіне жұмыла жұмыс жасағанда ғана нақты нәтижеге қол жеткізе аламыз. Себебі, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Туған жерімізді, туған өлкемізді аялау, оны көздің қарашығындай қадірлеу – ортақ іс. Халқымызда «Ауылына қарап – азаматын таны», деген жақсы сөз бар. Біз үшін бүгінде «Тараз – жасыл қала» деген лайықты бағамызды сақтап қалу маңызды. Тек облыс орталығын ғана емес, аудандар мен ауылдардың да ажарын арттырып, абаттандыру – басты талап. Көптеген айтулы тұлғаларды түлеткен өңіріміз – еліміздің мақтанышы болып қалуы керек, – деді аймақ басшысы.

Халық нақылында «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп тегін айтылмағанын еске салған Ербол Шырақпайұлы барша облыс тұрғындарын тазалықты сақтауға, табиғатты аялауға, айналамызды күтіп ұстауға шақырды.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support