- Advertisement -

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

110

- Advertisement -

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стреске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбекақысы
теңгеден теңгеге дейін  
D-О-4 А блок 263131 302255
D-O-4 В блок 226837 260564

 

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 210 бөлме, анықтама үшін телефондар: 87262433630 (жұмыс уақытында), e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады). Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т. б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1.Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, №5-2-2, (жүктілікке және босануға байланысты еңбекке жарамсыздығы кезеңіне 08.01.2023 дейін) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А блок. Уәкілетті органдардың жұмысқа орналастыру, ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша жұмыстарын үйлестіру, мәліметтерді жинау, жалпылау және талдау. Облыс көлемінде жаңа жұмыс орындарын құру мониторингін жүргізу. 1-Т (жұмысқа орналастыру), «Ішінара жұмыссыздық туралы» 3-тн нысаныбойынша ай сайынғы 2Т (еңбек рыногы) тоқсан сайынғы бекітілген формалар бойынша статистикалық есептерді уақтылы және сапалы жасау және жоғары органдарға ұсыну. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша базалық индикаторлар мен өңірлік даму бағдарламасының мақсаты индикаторларының орындалуы бойынша жұмыстарды үйлестіру және бақылау. Бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыруды үйлестіру, өткізуге қатысу. «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бойынша аудандық және Тараз қаласы жұмыспен қамту органдарының жұмыстарын үйлестіру, есептіліктердің дәйектілігін қадағалау. Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау, консультативтік, іс тәжірибелік жұмыс жүргізу. Бөлімнің құзырына кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бойынша уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру, регламенттерді дайындау. Облыстағы ірі кәсіпорындармен Қызметкерлердің ағынын басқару бойынша 2017-2025 арналған Жол картасына қол қою бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Мемлекеттік және орыс тілдегі бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнату, оларға мемлекеттік және орыс тілдерінде тиісті ақпараттарды ұсынып отыру. Ұйымдар мен азаматтардың өтініштерін қарау, кеңес беру жұмыстарын жүргізу. Бөлімге келіп түскен жазбаша және ауызша өтініштермен жұмыс жасау. Бөлімге қатысты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың есептерін уақтылы және сапалы тапсыру бойынша бақылауды ұйымдастыру. Бөлім құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру, регламенттерді дайындау. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету және олардың жұмысын үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы. Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе әлеуметтік жұмыс.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік- құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының экономиканың нақты секторын дамыту бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы уақытына 17.08.2023 ж. дейін), D-О-4 санаты, №05-2, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А блок. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жөнінде, стратегиялық құжаттарды іске асыру барысы туралы, Елбасының Қазақстан халқына жыл сайын Жолдауын іске асыру жөнінде Жалпыұлттық жоспардың негізгі бағыттарын орындау туралы іс-шаралар жоспарын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен Жамбыл облысы әкімі арасындағы меморандумның түйінді нысаналы индикаторларының орындалуын мониторингілеу (бөлімге қатысты тармақтар бойынша). Жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды (электрлендіру, газдандыру, сумен жабдықтау), тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жергілікті қамту, инновация салаларының дамуын сараптау және мониторингін жүргізу, оларды қолдауға бөлінген қаржының игерілуін, олардың дамуының талдауын жүзеге асыру. Индустриалды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі инвестициялық жобалардың іске асырылу бойынша ақпарат дайындау. Жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен ауыл шаруашылығы іс-шаралары мәселелерін дамытудың стратегиялық құжаттарын және болжамдарын әзірлеу. Стратегиялық құжаттарды, Жамбыл облысының 5 жылға арналған даму бағдарламасын және оны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын, әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын, облыстың, аудандар мен Тараз қаласының паспорттарын әзірлеуге қатысу. Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг және талдау жүргізу (бөлімге қатысты тармақтар бойынша).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе статистика немесе әлемдік экономика.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысын, сонымен қатар мемлекеттік жоспарлау, мониторингілеу жүйесін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер жұмысқа шыққанға 17.01.2023 ж. дейін, D-О-4 санаты, №06-3, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А блок. Бастапқы және орта кәсіптік білім беретін мемлекеттік білім ұйымдарын, сонымен қатар арнайы және мамандандырылған білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіреді. Мәслихатқа білім ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы ұсыныстар береді. Білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамытудың негізгі экономикалық көрсеткіштері бойынша бағдарламаларға талдау жасайды. Облыс көлемінде білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасына талдау жасап, олардың қажеттілігін қалыптастырады, облыстық және республикалық бюджеттерге ұсыныс жинақтайды. Басқарманың алқа жиналысына жетекшілік ететін сұрақтар бойынша талдау материалдарын, анықтамалар, статистикалық есеп берулер, ақпараттар әзірлейді. Алқа шешімдерінің және басқарма бұйрықтарының, жоғары органдар құжаттарының орындалуына, құжаттар мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуына жауапты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтайды. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдарға, өтініштерге «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне» сәйкес жұмыстар жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер бойынша «Е-өтініш» бірыңғай платформасымен жұмыс жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – педагогикалық ғылымдар саласында немесе бизнес, басқару және құқық саласында немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында.Мамандығы: педагогикалық ғылымдар (жалпы) немесе экономика немесе есеп және аудит немесе құқықтану немесе құрылыс.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының құқықтық қамтамасыз ету және педагог кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, №08-02, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: В блок. Басқарманың қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді, басқарма әзірлейтін құқықтық және нормативтік- құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлейді, оның ішінде оларды басқа да құрылымдық бөлімшелер (қарасты мекемелер, аудандар мен Тараз қаласының білім бөлімдері) әзірлеген жағдайда заңдылығын қарап, келісу жолымен тиісті мекемелерге ұсынады. Басқармада Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi жыл сайынғы iс-шараларды әзiрлейдi және iске асырады. Мемлекеттiк органға келiп түсетiн Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актілерiнiң жүйелендiрiлген есебiн және олардың сақталуын ұйымдастырады. Сотта, сондай-ақ т.б. ұйымдарда мемлекеттiк орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның мүдделерiн бiлдiредi. Өз өкілеттіктері шегіндегі білім саласында, басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында бағдарламалар мен іс-шаралар жүйесін іске асыру арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қарасты мекемелер басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. Қабылдаған және (немесе) әзiрлеушiлері болған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң мониторингiн жүзеге асырады және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдайды. Облыстық салалық және Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі Келісу комиссиясының жұмыстарын ұйымдастырады. Облыстық білім басқармасына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдарды, өтініштерді қарап, тиісті заң талаптарына сәйкес жауап береді. Қажет болған жағдайда зерделеп, нақты жауап әзірлейді. «Е-өтініш» бірыңғай платформасымен жұмыс жүргізеді. Басқарманың алқа жиналысына жетекшілік ететін сұрақтар бойынша талдау материалдарын, анықтамалар, статистикалық есеп берулер, ақпараттар әзірлейді. Алқа шешімдерінің және басқарма бұйрықтарының, жоғары органдар құжаттарының орындалуына, құжаттар мен тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуына жауапты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – бизнес, экономика және құқық саласында. Мамандығы: құқықтану.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыру-әкімшілік бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, №09-02, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: В блок. Алқа мәжілістерін, басшы жанындағы кеңестерді ұйымдастырады және бақылайды. Білім беру жүйесін дамытудың тиімділігі, динамикасы мен үрдістерін көрсететін ақпаратты уақтылы жинақтау қызметін басқарады. Жамбыл облысы әкімінің, әкім орынбасарларының, басқарма басшысының хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылайды, жинақтап облыс әкімі аппаратына жолдануына жауапты. Білім саласына қатысты мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылайды, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламаларын іске асырудың республикалық және облыстық Жол картасының орындалуын жинақтап, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне және облыс әкімі аппаратына жолдануын қаматамасыз етеді. Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын қадағалайды, орындалуы бойынша ақпаратты жинақтап Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне және облыс әкімі аппаратына жолдануын қамтамасыз етеді.Басқарманың алқа жиналысына жетекшілік ететін сұрақтар бойынша талдау материалдарын, анықтамалар, статистикалық есеп берулер, ақпараттар әзірлейді. Алқа шешімдерінің, жоғары органдар құжаттарының орындалуына, құжаттар мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуына жауапты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтайды. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдарға, өтініштерге «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне» сәйкес жұмыстар жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер бойынша «Е-өтініш» бірыңғай платформасымен жұмыс жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – педагогикалық ғылымдар саласында немесе бизнес, экономика және құқық саласында. Мамандығы: педагогикалық ғылымдар (жалпы) немесе құқық (құқықтану).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын,Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері.

2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық пошта мекенжайына тапсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық пошта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй, 210-іс бөлме, анықтама телефондары: 87262-43-36-30, e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекенжайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады:

1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 075/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама);

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама).

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналастыруға келісім беремін ____________________________________________________________________________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

Мекенжайы: __________________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________________

e-maіl: _______________________________________________________________

ЖСН: ________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«____»_______________ 20__ ж

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 ________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО (түрлі түсті/

цветное,

3х4)

_______________________________________лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

_______________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі /индивидуальный

идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері /

Дата и место рождения

2. Ұлты (қалауы бойынша) /

Национальность (по желанию)

3. Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /

Семейное положение, наличие детей

4. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы /

Год окончания и наименование учебного заведения

5. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

6. Шетел тілдерін білуі /

Владение иностранными языками

7. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

8. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда)/Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
9. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)/

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

10. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні / Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған /

приема

босатылған /увольнения
_____________________

Кандидаттың қолы /

Подпись кандидата

_______________күні / дата

Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support