- Advertisement -

«Нұр шуақ» шуағын шашты

93

- Advertisement -

Балалар жылына орай Шу ауданында жасалып жатқан игі істер аз емес. Ауданға танымал кәсіпкер Нұрғали Жексенбиев өз қаржысына Қорағаты ауылдық округі, Мойынқұм ауылынан «Нұр шуақ» жекеменшік балабақшасын салдыруы осы сөзімізге дәлел. Жаңа балабақша бұрынғы ескі мектептің орнында бой көтерген екен.

Бізді мектепке дейінгі мекеме жұмысымен әдіскер Жібек Текебева таныстырды. Әдіскердің айтуынша, балабақшаға қазір 40 адам жұмысқа тартылған. Негізі 200 орындық мекемеге қазір 100 бала қамтылып үлгеріпті. Бір ерекшелігі, әр топта екі тәрбиеші, бір көмекші тәрбиеші бар. Жоғары топты аралап көрдік. Тәрбиешілер Алтынай Жексенбиева мен Ақерке Рүстем бүлдіршіндерді ойнатып жатты. Бізге Нұрбибі Қайымова, Ермахан Шашубай, Әлинұр Тоймырза тақпақ, өлең жолдарынан айтып берді. Бұл мекемеде дәрігер Г.Оспанованың, музыка маманы Ерболат Уәтайдың жұмысы да маңызды. Көмекші тәрбиеші Қарлығаш Әбілдаева да өз жұмысына жауапты. Мұндағы қызметкерлердің айлық жалақысына да көңілдері толады.

– Нұрғали Қазыбекұлы, балалар жылына осындай игі іс жасап жатыр. 200 орындық болуы да бекер емес. Тіпті, көлікпен тасымал жасау арқылы Еңбек, Ақтөбе, Дулат ауылдарынан да балаларды қамтитынбыз. Мұнда еңбек ететін қызметкерлер саны да молаяды. Мұнда бүлдіршінге қажеттіліктің бәрі бар. Құнарлы тамақпен де қамтылған. Бұрын осы үлкен ауылда балабақша болмаған. Мектептің жанында қосымша орталық қана болды. Енді міне зәулім де ыңғайлы балабақша ашылды деп бүкіл ауыл қуануда. Балабақша логопед, психолог маманмен де қамтылады, – дейді балабақша әдіскері Жібек Текебева.

 

Есет ДОСАЛЫ

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support