Балалардың денсаулығына қауіп төндіретін ойыншықтар тәркіленді
- author «Ақ жол»
- 26 шілде, 2024
- 3.0k
«Lego Juris A/S» компаниясы өкілінің өтініші бойынша Алматы қаласының көтерме сауда базарларының бірінде көтерме саудамен айналысатын «Б» ЖШС жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында балалар конструкторларында «LEGO» тауар белгісін заңсыз пайдалану анықталды.Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі мәлімдеді.
«Зерделеу нәтижесінде 4 миллион теңгені құрайтын 3145 контрафактілік өнім тәркіленді. Бұл ойыншықтар зияткерлік меншік құқығын бұзып қана қоймай, балалардың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Контрафактілік ойыншықтарда қауіпті химиялық заттардың» болуы және сапасыз материалдардан жасалуы мүмкіндігі зор. Бұл балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне ауыр зардаптар әкелуі мүмкін», - делінген ресми хабарламада.
Контрафактілік өнімдер танымал брендтерге деген сенімге нұқсан келтіріп, адал өндірушілерге зиян тигізеді. Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша кінәлі тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша іс жүргізу шаралары қабылдануда. Істің материалдары кінәліні одан әрі жауапқа тарту үшін сотқа жіберілетін болады
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- 26 желтоқсан, 2024
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді