Жолаушылар мен багажды автомобильмен облысішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы

Жолаушылар мен багажды автомобильмен облысішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы
Ашық дереккөз
Жолаушылар мен багажды автомобильмен облысішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы

1. Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары басқармасы 2024 жылғы 23 тамызында, жергілікті сағат 15:00-де, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, № 78 үй, 5 қабат, 512 кабинет мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (облысішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.

2. Конкурсқа мынадай маршруттың пакеті (маршруттар) шығарылады:
№ 1 лот «Жаңатас қаласы (Сарысу ауданы) – Тараз қаласы»
№ 2 лот «Қордай – Тараз қаласы»

3. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

4. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, № 78 үй, 5 қабат, 512 кабинет мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.

5. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2024 жылдың 12 тамызы сағат 12:00-ге дейін.

6. 2024 жылдың 30 шілдесі сағат 16:00-де конкурстық Комиссия, к-онкурс өткізу мәселелері жөнінде конкурс алдындағы конференция өткізеді.

7. Анықтама алу үшін телефоны:

8 (7262) 43-06-85.

 

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

Ұқсас жаңалықтар