- Advertisement -

Мойынқұмға жел электр стансасын салу жоспарлануда

8

- Advertisement -

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «TotalEnergies Renewables Services Kazakhstan» ЖШС-нің бас директоры Тьерри Плезанмен кездесу өткізді.

Тараптар Мойынқұм ауданында қуаты 1 ГВт болатын жел электр стансасын салу мәселесі бойынша Қазақстан мен Франция арасындағы үкіметаралық келісімнің іске асырылу барысын талқылады.

Қазіргі таңда жобалау кезеңі жүріп жатыр. Жақын арада зерттеу жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Аймақ басшысы инвесторларға заң аясында жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Кездесу барысында жергілікті тұрғындардан білікті кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлінді. TotalEnergies профессорлар қауымдастығы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттеріне дәріс өткізеді.

Облыс әкімі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына компаниямен бірлесіп, энергетика саласындағы кадрларды даярлау жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.

Сондай-ақ, басқосу барысында ұзақ мерзімді екіжақты өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды. Бұған дейін компания Шу ауданында күн электр стансасын қолданысқа берген. Нәтижесінде 15 жергілікті тұрғын тұрақты жұмысқа орналасқан.

Кездесуде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде қабылданған шаралар қаралды. Өткен жылы компания Шу ауданында футбол алаңы мен спорт алаңшасын салған. Әлеуметтік нысандардың құрылысы тұрғындардың сұранысына сай жүргізілген. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынына сендірді.

Айта кетейік, Жамбыл облысында қазіргі таңда жалпы қуаты 551,3 МВт құрайтын 22 жаңартылатын энергия көздерінің нысаны жұмыс істейді. Олармен осы жылдың 3 айында 214,7 млн кВт/сағ электр энергиясы өндірілді.

Жоспарға сәйкес, 2028 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің саны 28 нысанға (2,5 ГВт) дейін жетеді деп күтілуде.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support