- Advertisement -

Өжеттік, сергектік және шапшаңдық

45

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ішкі істер саласын реформалау мәсе­лесіне айрықша назар аударып келе жатқаны белгілі. Бұл ре­форма түзеу мекемелерінің жай-күйі, сотталушылардың жағ­дайы мәселесін де айналып өтпеді.

Жалпы, пенитенциарлық жүйеде қай бөлімнің болса да, өзіне тән жауапкершілігі бар. Ал, мұндағы тәртіптің сақталуын, бақылап-өткізу пункттеріндегі тексеру міндетін мекеменің бақылаушылық қызмет бөлімінің қызметкерлері қамтамасыз етеді.

Тараздағы өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің бақылаушылық қызмет бөлімінің қызметкерлері талабы қатаң, жауапкершілігі жоғары қызметті мінсіз атқарып келеді. Қысқасы, бұл қызметте өжет, сергек және шапшаң болуың керек. Бұл – бақылаушыларға аса қажет үш қасиет!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support