- Advertisement -

Достық әзілдер

277

- Advertisement -

Облыстық қоғамдық
кеңестің төрағасы
Жандар Кәрібайұлына!

Жатқан жоқсыз айдан келіп,
Қайраткерсіз ілгеріден.
Сөйледіңіз айбар болып,
Сіз Сенаттың мінберінен.
Әлі үніңіз өктем болып,
Жұрттан тәртіп сұрап жүрсіз.
Шектен шығып кеткендерді,
Кеңеске сап түзеп жүрсіз.

Үлгі алмаймыз Сізден неге?
Оны ойлайтын мекеме көп.
Шындықты айтып шенділерге,
Күркірейтін көке керек!

Облыстық ардагерлер
кеңесінің төрағасы
Еркінбек Солтыбаевқа!

Биік бедел – белесіңіз,
Еңбек Сізден еш қашпады.
Ардагерлер кеңесіңіз,
Елімізде көш бастады.

Шын қуанып, желпін жеке,
Құр қалмайсыз ел алғанда.
Айтыңызшы, Еркін көке,
Сіз алмаған медаль бар ма?

Көргеніңіз бейнет болды,
Құрметтеуді дұрыс көрем.
Көке, біраз зейнеткерді,
Қамтып тұрсыз жұмыспенен.

Қазақстанның Еңбек Ері Сайрамбай Дөненбаевқа!

Ел алдында мол беделің,
Риза болар сірә бәрі.
Алтын жұлдыз – Еңбек Ерін,
Сіз тұрғанда кім алады?
Ешкім сіздей дос таппайды,
Әр адамға жанашырдай.
Биік тұлғаң асқақтайды,
Қазақтың кең даласындай.

Сіз жайлы айтсам аға шындық,
Талай мақсат ойыңызда.
Жомарттық пен жанашырлық,
Бәрі Сіздің бойыңызда.

«Мейірім» медициналық орталығының директоры
Гүлдара Нұрымоваға!

Сіз жайлы айтып жиі күнде,
Дейміз таудай болар күші.
Директорсыз «Мейірімге»,
Және халық қалаулысы.

Төзіміңіз мықты-ақ екен,
Жаралғандай ар-намыстан.
Сізге ізгілік жұққан екен,
Әкеңізден, Алданыштан!

Жан тербейді пейіл-үнің,
Құрметтісіз бұл қалаға.
Төксін әр жыл мейірімін,
Сізге және гүл-далама!

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры, «Жыл патриоты» Ерболат Саурықовқа!

Жұмыс деп көп сабылдыңыз,
Жүзіңізден ар көріп ем.
Патриот боп танылдыңыз,
Министрдің пәрменімен.
Бәрі Хақтың бұйрығы да,
Емес біздің еркімізде.
«Жомарт жүрек» сыйлығы да,
Биыл Сіздің еншіңізде.

Көтерілді көңіліңіз,
Ұмтылдыңыз дара шыңға.
Енді үздік боп көрініңіз,
Ректорлар арасында.

Облыс әкімдігі туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбековаға!

Әзілдесем өлеңдетіп,
Әріптеске көп қадірің.
Біраз елді елеңдетіп,
Өткізіп сән апталығын.

Туризмге дәл келдіңіз,
Мақсаттарың жаңа кілең.
Су сепкендей әл бердіңіз,
Қарлығаштың қанатымен.

Көріндіңіз түрлі істермен,
Іскерлердің ісі еленсін.
Бізге келген туристерден,
Таудай табыс түсе берсін!

Мерекелік әзілдердің мәтінін мәндеген Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support